Берік отбасы – мемлекет тірегі
Берік отбасы – мемлекет тірегі
1,118
оқылды

Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығында» халықаралық отбасы күніне орай партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Берік отбасы – мемлекет тірегі» мерекелік іс-шарасы өтті. Оған қала тұрғындары, сот органдары мен медиация қызметінің өкілдері және жас отбасылар қатысты.

Кешті кіріспе сөзімен ашқан Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрдәулет Тәңір­бер­генов мемлекеттің іргетасы берік отбасы, үлгілі шаңырақтан бас­талатынын айта келе, шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықттады.

– Біздің мақсатымыз – «От­ба­сы күні» мерекесінің идеоло­гиялық маңызын насихаттау, жаңадан отау құрған жас отба­сыларға отбасылық құндылық­тарды дәріптеу, өскелең ұрпақты инабаттылыққа, татулыққа, сый­ластыққа, адамгершілікке тәр­биелеу. Жас отбасылардың үлкен­ді үлгі, кішіні мақтан етіп, отба­сының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы қарызын өтеуге, қа­зақ­стандық отбасының оң имид­жін насихаттауға баулуымыз керек. Берік отбасында өнегелі тәрбие алған азаматтар ғана туған жерін, Отанын жанынан артық көріп, қорғауға даяр болады, – деді ол.

Салтанатты шарада АХАЖ қызметкерлері таяуда шаңырақ көтерген 5 жас отбасына неке куәлігін табыс етті. Осылайша, Әбдіхалық Есіркеп пен Гауһар Қолдас, Бекзат Түлкібаев пен Назокат Рахматуллаева, Бақыт­жан Бейсембаев пен Фарида Әлмаханбет, Азамат Амангелдиев пен Аяулым Амангелдиева, Ел­мыр­за Исаев пен Салтанат Ба­тырбек жұптары «Отбасы кү­нін­де» неке куәлігін алды.

Кездесу барысында айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының иегері – Бір­жан Байтуов сөз алып, отбасы құнды­лығы, шаңырақтың шат­тығы мен берекесі жайында ойымен бөлісті.

– Отбасы құндылығын сақтау, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғау – ел келешегінің кемелдігін аңғар­тады. Кез келген ұлт өзінің діні, ділі мен салт-дәстүрін дәріптеу­мен құнды, – деді айтыскер ақын.

Айта кетейік, кешті Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқар­масы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Мере­келік іс-шара концерттік бағдар­ламаға ұласты.