Қазақстан бақыт рейтингінде 60-орынға төмендеді
Қазақстан бақыт рейтингінде 60-орынға төмендеді
5,380
оқылды

Біріккен Ұлттар ұйымының Орнықты даму желісі (UN Sustainable Development Solutions Network) 2012 жылдан бастап жыл сайын Бақыт туралы дүниежүзілік баяндаманы (World Happiness Report) жариялап отырады.

Дүниежүзілік баяндама жаһандық сауалнамаға негізделеді және адамдарға өз өмір сүру деңгейіне қаншалықты қанағаттанатынын бағалау ұсынылады. Биыл жарияланған Баяндамада әлемнің 156 еліндегі бақыт дейгейі бағаланған. Бақыт рейтингіндегі алғашқы 5 орын (топ-5) – Финляндия, Дания, Норвегия, Исландия және Голландия елдеріне бұйырды.

Ал Қазақстан биылғы рейтингте 156 елдің ішінде 60-орынды қанағат еткен және ТМД елдерінің ішінде Өзбекстаннан кейін (44-орында) екінші орында тұр. Бұл рейтингте біздің ел 4 жыл бұрын әлдеқайда бақытты болған екен. Өйткені, Қазақстанның 2015 жылы 158 елдің ішінен 44-ші орын алған болатын.