Дәрігерлер жүкті әйелге операция жасап, ішінен бір уыс құртты алып шықты
Дәрігерлер жүкті әйелге операция жасап, ішінен бір уыс құртты алып шықты
Фото: Интернеттен алынды
580
оқылды
Шымкентте дәрігерлер жүкті әйел мен ішіндегі шаранасын сақтап қалу үшін күрделі ота жасады. Операция №1 қалалық клиникалық ауруханада өткен. №1 қалалық клиникалық ауруханасының хирургы Сәбит Байтеміровтың жетекшілігімен жүктіліктің 28-аптасындағы әйелге операция жасалған. Операция барысында хирургтар жүкті келіншектің ішіндегі бір уыс құртты хирургиялық жолмен алып шықты. Медицина мамандары күрделі отаны 3 сағаттан аса жасаған. Аман қалған әйел қазір дәрігерлердің қарауында. Дәрігерлер жүкті келіншекке жасалған ота кезінде тәуекелге барған. Себебі шаранамен бірге пайда болған іштегі құрт бауырдың жанына біткен соң, жарылып кету қаупі жоғары болған. Бірақ сәтті жасалған операцияның арқасында қауіптің алдын алып, ана мен баланың өмірін сақтап қалды. Айта кетейік, ішінде эхинококк кистасы бар жүкті келіншекке Алматы қаласындағы А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта күрделі ота жасау қажет болған. Алайда елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты, жүкті әйелге Шымкентте ота жасалған. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, қазір жүкті әйелдің денсаулығы жақсы, шаранасы да дін аман.