S&P: Kaspi-дің нарықтық позициясы мықты және тәуекел менеджмент жүйесі дамыған
S&P: Kaspi-дің нарықтық позициясы мықты және тәуекел менеджмент жүйесі дамыған
282
оқылды
Рейтинг агенттігі банктің рей­­тинг­терін растады. Болжам «тұрақты». 28 сәуірде S&P Global Ratings Kaspi Bank АҚ кредиттік рейтингтерін «ВВ-/В» деңгейінде рас­тады, бұл қазақстандық банк­тер арасындағы ең жоғарғы рей­тингтердің бірі. Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді: «Рейтинг агенттігі кезекті рет біздің стратегиямыз бен бизнес-үлгімізді жоғары бағалады. Елдегі ең танымал мобильді қосымша Kaspi.kz-тің көмегімен біздің сүйік­­ті клиенттеріміз жеке қара­жат­­­тарын бас­қарып, сатып алады, ау­дарым мен төлем жасайды және үйден шық­пастан жеткізу қыз­­­меті­мен онлайн зат сатып алады. Бұл ыңғайлы, тиімді және қауіпсіз, карантин мен төтенше жағдай режимінде аса маңызды». Рейтинг агенттігінің пі­кірінше, Kaspi-дің басқа банк­тер­ден тиім­ділігі үш маңызды фактор арқылы ерекшеленеді. Біріншіден, банктің тұтыну­шылық несиелендіруде нарықтық көш­басшылық позициясы бар және төлемдер бойынша шешімі биз­нес сапасын қолдайды және капи­талының айтарлықтай қоры бар. Екіншіден, Kaspi-де тәуекел менеджмент жүйесі дамыған. Нәти­­жесінде, кредит портфелінің са­пасы нарықтағы орташа көрсет­кіштен 2 есе жақсы. Үшіншіден, банктің өтем қабі­летінің көрсеткіштері өте жоғары, сарапшылардың пікірінше ары қарай да осылай болады. Клиенттердің жиынтық қара­жатының 94% шоғырлануы тө­мен жеке тұлғалардың депозиті, бұл депозиттік базаның жоғары дең­гейде тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ал басқа банктерде, негі­зі­нен мемлекетпен байланысты шоғырлануы жоғары корпора­тивтік депозитт­ер. Kaspi-де ең ірі 20 салымшының еншісіндегі шоғырланған депозиттер 10%-дан төмен. Ал банктік секторда орташа көрсеткіш 30%. Агенттіктің пікірінше, бұл фактордың барлығы Kaspi-ге COVID-19-ға қарсы шаралар мен мұ­най ба­ғасының өсуі ая­сын­­­дағы эко­­н­о­микалық өсім­нің баяу­лауы­на қарсы тұруға мүмкіндік береді.