Қоғамдық көлікте сақтанып жүрген кімдер?
Қоғамдық көлікте сақтанып жүрген кімдер?
385
оқылды
Кеше қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен 12 мамырдан бастап, яғни бүгіннен елордада қоғамдық көліктің жұмысы қайта жанданатынын айтқан. Қала ішіндегі қоғамдық көліктердің қосылуын және елордалықтардың сақтық шараларын қаншалықты сақтайтынын бақылап шыққан едік. [caption id="attachment_43038" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Қала ішінде тіршілік басталған. Әр аялдамада екі-үш жолаушыдан тұрғанын байқауға болады. №46 бағыттағы маршруты адамға толы екен. Бірақ адамдар ара қашықтық ұстап отыр. Олардың ішінде бетпердесіз жүрген жолаушыны байқамадық. Кірген жолаушының бірі жолақысын қолма-қол төлемекші болды. Алайда жүргізуші ақшаны қабылдамады. Оның бекітілген талапты сақтағанын көріп қуанып қалдық. [caption id="attachment_43039" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Сөйтіп, аялдамадан түсіп, №12 бағыттағы автобусты күтіп тұрғанымызда жанымызда егде жастағы ерлі-зайыптының тұрғанын байқадық. Атамыз зейнетақысын алу үшін вокзал жақтағы банкке бет алыпты. Оның айтуынша, олар оң жағалаудағы үйін сатып, балаларының қолына көшіп келген. Өздері Ханшатырдың маңындағы Е-759 көшесінде тұрады екен. [caption id="attachment_43040" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Ол жақтың бәрі жаңа үйлер. Автобус түгілі әлі бағдаршам да іске қосылмаған. Таксимен ғана жүріп-тұрамыз. Өткенде ара қашықтығы екі аялдамадай ғана жерге 800 теңге алды. Біздің зейнетақымыз оған шақ келмейді ғой. Автобустың қосылғаны бізді қуантты, – дейді қария Серікбек Бекетаев. [caption id="attachment_43041" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Сақтақ шараларын сақтаған олар дертті жұқтырып алудың қаупі бар екенін жасырмады. «Бәрі Алланың қолында, одан басқа қолдан келер шара жоқ. Үйде қамалып отырғанымызға екі ай болды. Шаршадық» деген тәтеміз банкке екі автобуспен баратынын жеткізді. [caption id="attachment_43043" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Жалпы бұған дейін сәуір айының жол жүру билеті мамырға жарайтыны ескертілді. Жолаушылар да хабардар екен. «Өткен айдың жол жүру картасы осы айға да жарай береді. Өзім өткен айдың жол жүру картасымен жүрмін» деген Бибі Қайдарова қоғамдық көліктің қосылғанына риза. [caption id="attachment_43044" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Дәл бүгін анализ тапсыруым керек еді. Автобусқа отырып барып, келе жатқан бетім. Әйтпесе, жаяу барар едім, – дейді ол. [caption id="attachment_43045" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Ал №39 бағыттағы  маршруттың жүргізушісі Айбек Тұрабаевтың мәлімдеуінше, жолаушының бәрі сақтық шараларын сақтауда. «Жұмыста таңертеңнен жүрміз. Әрине, автобус бұрынғыдай адамдарға лық толы емес. Жолаушы сақтық шараларын сақтауда. Тіпті кейбірі автобусқа кірерде қалталарынан бетпердесін шығарып, киіп жатады.  Ал жолақысы тек төлем карталары арқылы қабылданады» деді ол. [caption id="attachment_43046" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] СTS басқарма төрағасының орынбасары  хабарлағандай, бүгінде қала ішіне 650-ге жуық автобус іске қосылды. – Бүгіндікке қаланың барлық бағыттағы автобусы іске қосылды. Оның ішінде №104 экспресс маршруты да бар. Ал қалған экпресс маршрут пен қала сыртына жүретін автобустар әзірге шығарылмады. Олардың қосылу-қосылмауын қала әкімдігі шешеді. Егер осы апта ішінде бір қалыпты ұстап тұра алсақ, қосылуы да мүмкін. Оның бәріне уақыт көрсетеді, – деді Бауыржан Сейітов. [caption id="attachment_43047" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Оның айтуынша, жұмыс басталмас бұрын жүргізушілерден коронавирусқа тест алынып, тексерілген. Сақтық шараларын сақтану бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізілген екен. [caption id="attachment_43048" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] «Жүргізушінің барлығына бетперде мен қолғап кию міндетті. Оның үстіне автобус та алдын-ала толығымен дезинфекцияланды. Тәртіп бойынша жүргізуші жолаушыларды автобустың алдыңғы есігінен кіргізіп, іштегі адам мөлшерін толып кетпеуін қадағалайды» деген ол жүргізушілер жолаушыны шамадан тыс тасуға тыйым салынғанын ескертті.