Түрік инвесторы аурухана салады
Түрік инвесторы аурухана салады
320
оқылды

Ауруханалар құры­лы­сы­на шетелдік инвес­тициялар тартылуда. Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша жаңа ден­саулық сақтау нысан­дарын тұрғызу туралы келісімдерге қол қою рәсіміне қатысты.

Бұл шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік қам­қор­лық» әлеуметтік шара­ларын іске асыру және Мемлекет басшы­сы Қ.Тоқаевтың қазақ­стан­дықтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі тап­сырмаларын орындау аясын­д­а қолға алынды.

Петропавл қаласында кон­суль­тативтік-диагностика­лық орта­лығы бар, 500 төсек-орын­дық көпбейінді облыстық ауру­ха­на құрылысының жобасы туралы құжатты Солтүстік Қазақ­стан облысының әкімі Қ.Ақсақа­лов пен YDA Holding түрік компаниясының басқарма төра­ға­сы А.Хусейн қолтаңба­лары­мен бекітті. Аурухана кеше­ні Петро­пав­лдағы қазіргі көп­бейінд­і, бірақ әбден тозған және әр жерде шашырай орын тепкен 7 нысан орнына салынатын болады.

Тағы бір көпбейінді аурухана Түркістан қаласында бой көтермек. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, BI-Holding компаниясы консорциумы бақылаушы кеңесінің төрағасы А.Рахымбаев және YDA Holding түрік компаниясының бас­қар­ма төрағасы А.Хусейн 610 төсек-орындық көпбейінді облыс­тық медициналық орта­лық құры­лысының жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Ауруханада онкологиялық және кардио­логиялық бөлімдер, пер­зент­хананы, жедел медици­на­­лық жәрдем стансасын және басқа­ларын ашу көзделген. Нысан құрылысын 2022 жылы аяқтау жоспарлануда.

Құрылысқа және екі медици­на­лық нысанды жабдықтауға жұмсалатын инвестициялардың жалпы көлемі 50 миллиард теңгеге жуықтайды.

Атап өтер жайт, бұл жобалар денсаулық сақтау инфрақұрылы­мын дамытудың өңірлік перс­пек­­тивті жоспарлары аясында іске асырылады.

Инвестор компанияның бас­қарма төрағасы Арслан Хусейн Қазақстандағы инвести­ция­лық ахуал қолайлы екенін, инвестор­лар үшін жобаларды іске асыруға барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Қабылданып жатқан шара­лар еліміздің аурухана секторы­ның инфрақұрылымын жаңарту­ға, ішкі сұранысты қанағаттан­ды­ру­ға, көрсетілетін медици­на­лық қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және уақытты­лы­­­ғын арттыруға, сондай-ақ республикамызды Орталық Азия мен ТМД елдері үшін ме­ди­­циналық туризм орталы­ғына айналдыруға мүмкіндік береді.