Салық саласы сыналды
Салық саласы сыналды
390
оқылды

Сенат басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңестің екінші отырысы болды.

Отырыста Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру және ұлғайту жөніндегі мемлекеттік органдардың ұсыныстары туралы баяндады. Бюд­жет түсімдерін ұлғайту жөнінде ұсы­нылған шаралардың ішінен түсе­тін салықтарды, жеңілдіктер мен пре­фе­рен­­цияларды реттеу; шетелдік ком­па­ниялардың кірістерін бақылау; са­лық­тық және кедендік әкімшілен­ді­­руді жетілдіру мәселелері атап өтілді.

Сенат төрағасы бірқатар сын-ескертпе мен ұсыныс айтты. Дариға Назарбаева бірінші кезекте Есеп коми­тетін күшейту және Эконо­ми­калық тергеу қызметінің тиімділігі мә­селесіне орай талдау жасалуы ке­рек деп санайды.

Д.Назарбаеваның пікірінше, субсидиялар, жеңілдіктер мен префе­рен­циялар саясатына деген көзқа­рас­ты да түбегейлі өзгерту керек әрі оны заң­ды түрде бекіту қажет. Сондай-ақ са­лықтық және кедендік әкімші­лен­ді­руді ақпараттандыру туралы да ұсыныс білдірілді.

– Барлық мемлекеттік орган, азаматтық қызметтер және басқалар қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді енгізудің сапасына, олардың уақы­ты­лы және ортақ ақпараттық жүйеге кірігуіне жекелей жауапты болуы тиіс. Уақыт бойынша қатаң шектеулер және орындалмағаны үшін жауап­кер­ші­лік белгілеу керек, – деді Сенат басшысы.

Д.Назарбаева сонымен қатар проб­лемалық мәселелердің қатарын­да халықтың шамадан тыс несие алуын, мемлекеттің бизнеске бәсе­кеге құрап, экономикаға қаты­суын атады.