ҚР Президенті: Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және жақсылыққа жетелейді
ҚР Президенті: Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және жақсылыққа жетелейді
©Ақорда
368
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы Құрметті отандастар! Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам. Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және кемелденуге үндейтін қасиетті Рамазан айына жалғасып, жақсылыққа жетелейді. Имандылықпен берік үндес адамгершілік пен бауырмалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік – ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы. Оны бүгінгі ұрпақтың өмір салтына айналдыруымыз керек. Мейрам күндері күллі мұсылман қауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Мұндай игі істер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі. Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанымыздың арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанды. Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін. Ораза айт құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!