Қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
фото: ашық дереккөз
5,149
оқылды
Нұр-Сұлтан мен бірнеше облыста ауа температурасының көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Қазгидромет. Нұр-Сұлтанда 25 мамырда ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Күндіз 24-26 мамырда Ақмола облысында 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Павлодар облысында 25-26 мамыр күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Павлодар қаласында 25-26 мамыр күндіз 35-37 ыстық болуы мүмкін. Одан бөлек, Маңғыстау облысында дауылды ескерту жарияланды: 25 мамырда кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 метр секунд болады деп күтіледі.