Түрік тілін үйрену бойынша халықаралық онлайн-курс жалғасуда
Түрік тілін үйрену бойынша халықаралық онлайн-курс жалғасуда
фото: ашық дереккөз
303
оқылды
Әзербайжан және Қазақстанда жалғасқан түрік тілінің онлайн курстарына енді Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан қосылды, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы. «Юнус Эмре институтының түркі әлемінің студенттеріне цифрлық түрік тілі курс жұмыстары жалғасуда. Алпысқа жақын елде қызмет атқаратын Юнус Эмре Институттың Баку өкілдігі «Түркияны жақыннан тануға қалай қарайсың?» деген ұранмен бастаған онлайн түрік тілі курсына Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан 750 студент өтініш берді. Түрік тілі курстары бір жыл бойы жалғасады», - деп жазады TRT.