Білгеннің болмас артығы
Білгеннің болмас артығы
521
оқылды

Бастапқыда оқиға орнынан нақ­ты ақпарат алу қиынға түскен-ді. Қырық мың тұрғыны бар Арыс қа­ласындағы жағдай әлеуметтік же­лі арқылы тез таралды. WhatsApp-та жарылыс орнынан қаптаған бейне­жазба, дүрлікпе хабарламалар желдей есті. Арыс қаласындағы әскери қойма осыдан он жыл бұрын да жарылған. 2009 жылы жарылыс салдарынан 2 адам қайтыс болып, 16 адам түрлі зардап шеккен.

Қатерлі жағдайдың бәрінде ал­дымен қауесет тарайды. Жер­гілікті әкімшілік, Қорғаныс министрлігі, ІІМ өкілдерінің ресми ақпараты жеткенше «тоған жарылады», «су басады», «тұрғындар қаладан қа­шып жатыр» деген ақпарат тарап кетті.

Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев мырза Арыстағы төтенше жағдайға орай, Ордабасы ауданын­да медициналық штаб құрылғанын жедел хабарлады. «Түркістан об­лысы денсаулық сақтау басқарма­сының басқаруымен шұғыл жұ­мыстар жүргізіліп жатыр. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ау­руханасында 200-ден астам нау­қасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көлігі Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлерден құ­рылған топ медициналық штабқа жиналды. Эвакуация жұмыс­тары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емха­насынан науқастар эвакуация жасалды», – деген ақпаратты оқы­ғаннан кейін ғана талай адам саба­сына түсті.

Мәселе бір ғана Арыстағы жарылысқа тіреліп тұрған жоқ. Осыдан он жыл бұрын да тұрғындар аяқ астынан апырақ-тапырақ күй кешкен. Әдетте Қазақстан Ішкі іс­тер министрлігінің Төтенше жағ­дайлар комитеті оқу-жаттығу өт­кізген болады. Нәтижесі шамалы. Қай кезде де бір көрініс қайталана береді. Асып-сасу, үрейлену, қауе­сетке еру, шарасыздық деген сияқ­ты. Осындай салғырттық салда­рынан көшеде ойнап жүрген талай бала айдаладан бір-ақ шықты...

Мұндайды болдырмас үшін, ең алдымен, қауіпсіздік шараларын күшейту керек. Қазақстан бойынша барлық елдімекен тұрғындарын төтенше жағдай кезінде қалай әре­кет етуді үйреткен дұрыс. Мәселен, Израиль және Жапония мемлекет­тері қауіпсіздік шарала­рына қатты мән береді. Бұл елдерде кішкентай балаларға дейін төтенше жағдайда не істеу қажетін біледі.

«Сақтансаң – сақтаймын» деген бекер айтылған ба? Сақ болайық!