Оңтүстік Корея, Таиланд, Түркия, Грузияға рейстер ашылады
Оңтүстік Корея, Таиланд, Түркия, Грузияға рейстер ашылады
©Сурет интернеттен алынды
154
оқылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылмақшы. Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып осындай шешімге келген екен. Енді, халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әр бағыт бойынша әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалады. Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес ұшырылады.  Алайда Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайға немесе эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай рейстер жүзеге асырылатын болады.