«Барысқа» жаңа бапкер келді
«Барысқа» жаңа бапкер келді
барыс
297
оқылды
Аталған маман «Барыспен» бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.
«Жаңа маусымда «Барыс» басшылығы қазақстандық хоккей түлегіне сенім артып отыр. Ол команда жүйесінде 2007 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Команданың алға қойған мақсатымен жақсы таныс. Ю.Михайлистің бапкерлер құрамы жақын арада жасақталады», – деді команда басшылығы.
[caption id="attachment_51900" align="alignnone" width="1024"]барыс ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Юрий Владимирович Михайлис 1969 жылы 23 сәуірде Қарағандыда туған. Ойыншы ретіндегі карьерасын қорғаушы позициясында өткізген. 1992-2005 жылдары Ресейдің «Автомобилист», «Рубин», «Южный Урал», Қазақстанның «Строитель», «Болат», «Қазақмыс» командаларында өнер көрсетті.
51 жастағы жаттықтырушы «Барыс» хоккей клубында 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, «Барыс-2», «Снежные Барсы», «Номад» командаларында бас бапкер болған. Юрий Михайлис былтырдан бері Жоғары хоккей лигасында ойнайтын «Номад» хоккей командасымен 2017 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Ал 2017/2018 жылғы кезеңде Құрлықтық кубок ойындарында күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, соңғы екі жылда елордалық «Барысты» баптаған Андрей Скабелка келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартқан болатын. Ал жаңадан тағайындалған Юрий Михайлис «Барыс» тарихында бас бапкер қызметін атқарып отырған 21 маман.