Алматы мен Нұр-Сұлтандағы дәріханаларда аспирин мен парацетамол тапшы
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы дәріханаларда аспирин мен парацетамол тапшы
Фото: Интернеттен алынды
272
оқылды
Қазір сырқаттанғанның бәрі жедел жәрдем шақыртуға қорқады. Түшкірсе де дәріханаға жүгіретіндер көбейген, – деп хабарлайды КТК арнасы. Алматыдағы ірі дәріханаларды аралап көрген телеарна тілшісі дертіне дауа іздеп келгендердің кезегі де ұзын-сонар екенін айтады. Бірақ барлығы бірдей қажетті дәріні таба алмай кері қайтып жатыр. Өйткені дәріханада қарапайым аспирин мен парацетамолдың өзі таусылып қалған. Телеарнаның хабарлауынша, аспирин мен парацетамолдың жоқтығы қаладағы барлық дәріханаларда байқалады. Вирусқа қарсы дәрілер қоймаларда да қалмаған.
Дәріхана меңгерушісі Бибігүл Жұмабекқызы: «Аспиринді бұрын күніне 50-ін сатсақ, қазір 200-дей сатып жатырмыз. Ал парацетамол жоқ. Сатылып кетті. Бағасы бұрынғыдай. Өзгерген жоқ», – дейді.
Нұр-Сұлтанда аспирин мен парацетамолдың бағасы қымбаттаған. Бұрын 50 теңгеден сатылған бұл дәрілердің үстіне 10-20 теңге қосылған. Бірақ оның өзін тапқан адам ғана алады. Ал Шымкентте екі дәрінің қоры жеткілікті. Бірақ тұрғындар тарапынан сұраныс артқан. Мәселен, күніне 40-50 қораптан сатылатын парацетамолдың қазір күніне 500 данасы өтеді. Бірақ баға сол қалпы дейді фармацевтер. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы дәріханаларға бір-екі күнде әкелінбек.