Балабақшалар бақылауға алынды
Балабақшалар бақылауға алынды
383
оқылды
Алматы қаласында 200-ден астам нысан «Nur Otan» партиясының бақылауында. Ба­қылау күнделікті назардан тыс қалмайды. Партияның Алатау ау­дандық филиалы мони­то­ринг­тік тобы мектепке дейінгі ме­ке­ме­лерге кезекті рейд жа­сап, жағ­­­даймен танысты. Бұл жолы №148, №153 және №120 бөбек­жай-балабақшалар мониторинг­тік топтың на­зарына ілікті. Мониторингтік топ алдымен  №148 балабақшаға бет бұрды. Бұл жерде ойын алаңдарына жөн­деу жұмыстары жүргізіліп жа­тыр екен. Бүлдіршіндердің таза да қауіпсіз ойын алаңында алаң­сыз ойнауы үшін барынша жағ­дай жасауға әрекет етілуде. – №148 балабақшаның ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Жұмыс 25 ма­мырда басталған. Тамыз айының 25-іне дейін барлық жұмысты аяқ­тап, тапсыруымыз қажет. Жұ­мыс кесте бойынша жүргізілуде. Қазір осы аймақта төрт нысанда осындай абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл нысанда 75 адам жұмыс істеуде. Оның 37-сі Жұ­мыспен қамту орталығының қызметкерлері, қалғаны ком­па­ния жұмысшылары. Алдымен бұрын­ғы алаңдарды бұзып, абат­тандыру жұмыстарына дайын­дап, сосын ғана жаңартуға  кіріс­тік. Алаң­шалардың бәріне резең­ке жабындылар саламыз, – деді «ДМ строй» компаниясының ны­сандар бойынша жауапты маманы Қаныш Қоңырбаев. Құрылыс нысанына негізінен жергілікті жұмысшылар тартыл­ған. Мердігер компания өкілінің айтуынша, төрт нысан бойынша бөлінген қаражат сомасы 52 мил­лион теңге. Тек №148 балабақ­шаның өзінде 12 миллион 500 мың теңге игерілуде.   balabaksha remont2 – Бұл жолы біз балабақ­ша­лар­д­а жүргізіліп жатқан ішінара жөндеу жұмыстарымен таныс­тық. Балалар ойнайтын алаңдар тозып кеткен болатын. Мердігер компания жұмыс жүргізіп жатыр. Ең бастысы – жұмыстың сапасы. Сон­дықтан оның қалай істеліп жатқанын үнемі бақылап оты­рамыз. Құрылыстың жөндеу жұ­мыстарының мерзімінде аяқ­талуын, құрылыспен айналысып жатқан жұмысшылар жалақы­сы­ның дер кезінде берілуін қада­ғалаймыз. Әзірге жұмыстың қар­қыны жақсы. Құрылыс жұ­мыс­тарын жүргізудегі кейбір кемшіліктер, сын-ескертпелер айтылды. Баспалдақтар мүжіл­генін, асфальттар жарылғанын байқадық. Алдағы уақытта тиісті орындарға айтып, қадағалауын тапсырамыз, – деді Алматы қа­ласы мәслихатының депутаты Қали Сәрсенбай. Келісімшарт бойынша құры­лыс материалдары  Алматы қа­ласынан алынуы тиіс. Егер Ал­маты қаласында болмаған жағ­дайда Алматы облысынан жет­кізіледі. – Қазір біз күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Тек бүгін бес нысанның жұмы­сымен танысуға рейдке шықтық. Нысандарды аралағанда жұмыс­шы­лармен тілдесіп, олар­дың жер­гілікті адамдар екеніне көз жет­кіземіз. Отандық құрылыс материалдарын пайдаланып жат­қанын бақылаймыз. Нысандарға кейбір ескертпелерді айттық. Ал­да­ғы уақытта тағы да бақылау­да ұстаймыз. Біз нысандарды ара­лау барысында кейбір құры­лыс материалдарының отандық өнім емес екенін байқадық. Оны мер­дігер компания өкілі де жоқ­қа шы­ғарған жоқ. Бұл мәселенің ақ-қарасын анықтап, тиісті шара­лар қолданамыз, – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы­ның Алатау аудандық филиалы бойынша партиялық бақылау комиссия­сының төрайымы Нурия Ниязова. Нысандарды аралау бары­сын­да еңбекшарты бойынша бар­лық санитарлық нормалар сақ­талғанын байқадық. Каран­тин режиміне сәйкес бәрі де бетпердемен жүр. Дезинфекция­лық құралдар да жеткілікті.  

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ