Коронавируспен күресте ерекше көзге түскен кімдер «Халық алғысы» медалін алды?
Коронавируспен күресте ерекше көзге түскен кімдер «Халық алғысы» медалін алды?
274
оқылды
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және пандемиямен күресте елеулі еңбек етіп, жемісті жұмыс істегені үшін республика бойынша түрлі саланың 343 маманы марапатталады.
Олардың арасында 60 дәрігер, 39 полицей, 30 әскери қызметші, 41 волонтер, 34 меценат, 38 мәдениет және білім өкілдері, 25 БАҚ қызметкері бар.
Марапатты Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Алексей Цой, Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди және Мемлекеттік қызмет істері агенттігің төрағасы Анар Жайылғанова табыстады. Айта кетейік, марапаттау рәсіміне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және барлық өңірлердегі медаль иегерлері онлайн қатысты. Елордада Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бөлімшесінің басшысы Тимур Лесбеков, «Nomad ММА» республикалық федерациясының президенті Гаджи Гаджиев, Ұлттық волонтерлер желісінің төрағасы Вера Ким, Мейірімділер клубының жетекшісі Гүлмира Әбдірашева, меценат, қоғам қайраткері Оралбек Ботбай, Биологиялық қауіпсіздік мәселлері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария, Бас әскери клиникалық госпитальдің нейрохирург дәрігері Ержан Рысқалиев, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің инспекторы Артур Ботабеков, елордалық волонтер Абзалбек Сұлтанбек, ғалым, кәсіпкер Әмір Қуат және Jas Otan жастар қанатының сарапшысы Аян Хафиз марапатталды.