Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды
5,235
оқылды
Бішкек қаласындағы Первомай аудандық сотында Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жемқорлық істеріне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Кабар агенттігі. Бүгін қылмыстық іске қатысты соңғы сот отырысы болды. Первомай аудандық сотының шешімімен ҚР бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Қылмыстық кодексі 43 бап 2 тармағы және 312 бап 2 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Оның барлық мемлекеттік марапаттары мен дүние-мүлкі тәркіленді. Сот отырысына Атамбаевтың өзі қатысқан жоқ. Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент дәрежесінен айырып, қылмыстық істерін әшкерелеу үшін арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Атамбаевтың бірнеше қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Атап айтқанда, Бішкек ЖЭО жаңғырту кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа, ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болған Әзиз Батұқаевты заңсыз босатуға, астаналық ЖЭО-на көмір сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа, Қой-Таш ауылынан жер телімдерін заңсыз сатып алуға және ақша жымқыруға қатысы бар екені белгілі болған.