Мектептердегі жөндеу жұмыстарын тексерді
Мектептердегі жөндеу жұмыстарын тексерді
420
оқылды
Аудан әкімі алдымен Жаңа­қа­зан ауылында орналасқан М.Жү­нісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Мектепте қазіргі кезде 347-ден астам бала оқи­­ды. Мұғалімдер саны – 64. Жер­­гілікті тұрғындар арасынан 27 адам жұмысқа тартылған. Оқу ор­нына соңғы күрделі жөндеу жұ­мы­сы 2009 жылы жасалса, 2018 жы­лы М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 150 жыл­дығы тойланып, жаңадан мәжіліс залы, мұражай, спорт алаңы са­лын­ған. Бұдан соң Наурызбай Қарағой­шин Пятимар ауылында болып, Пятимар жалпы орта білім беретін мек­тебінің күрделі жөндеу жұмыс­та­рымен танысып, мектеп ішін то­лық аралап шықты. Аталған бі­лім ордасында 1-11- сыныптарда 180 оқушы, мектепалды даярлық тобын қосқанда 204 оқушы оқыса, мек­теп жанындағы жатақханада 19 тәрбиеленуші, шағын орталықта 50 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мек­тепте күрделі жөндеу жұмыс­тары осыдан 13 жыл бұрын жасалғаны бел­гілі болды. Айта кетейік, республикалық бюджеттен М.Жүнісов атындағы орта мектепке – 215 млн 746 мың тең­ге, Пятимар орта мектебіне 422 млн 274 мың теңге көлемінде қа­ра­жат бөлінген. Іссапар барысында аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Н.Қарағойшин мердігермен және жұмысшылармен сөйлесіп, жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырма берді. Бүгінгі таңда мектеп  кабинет­терінде әрлеу жұмыстары, соны­мен қатар сыртқы инженерлік же­­лілер бойынша жұмыстар жүр­гізіліп жатыр. Қазіргі таңда аудан кө­лемінде 6 нысанда жөндеу жұ­мыс­тары жалғасуда.  

А.ЖАСАНҰЛЫ