Карантин тәртібіне бағынбай, вирус тасымалдаушылар түрмеге қамалуы мүмкін
Карантин тәртібіне бағынбай, вирус тасымалдаушылар түрмеге қамалуы мүмкін
5,256
оқылды
Бас санитардың айтуынша, енді вирустың симптомсыз түрі анықталғандардан қолхат алынады, – деп хабарлайды КТК.
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова: «Қолхатта  карантин режимін сақтау, өзін-өзі оқшаулау сияқты талаптар бар. Оны ескермесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады. Егер коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі одан өзге біреуге жұққаны анықталса, онда бұл әрекет қылмыстық заңнама бойынша ауруды қасақана жұқтыру дерегі ретінде есептеледі», – дейді.
Симптомсыз науқастар әдетте вирус жұқтырған адаммен байланыста болса, ұжымдық тексеру кезінде анықталады. Соның кесірінен елдегі зертханаларда кезек көп, ПТР-тестілер жетіспей жатыр.