Жастардың еңбегі бағаланды
Жастардың еңбегі бағаланды
435
оқылды
Мұнда жалынды жастардың жігері мен қайырымдылықтың айнымас көрінісі жатыр. Сондықтан да еріктілердің еңбегі әркез елеулі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та ерікті жастарды қабылдап, құрмет көрсетті. – Елбасы, «Nur Otan» пар­­тиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев әркез жас­тар­ға үлкен сенім артқан. Ал биыл­ғы Волонтерлер жылы Ұлт көшбас­шысы жариялаған Жастар жылы­ның жалғасы екені даусыз. «Nur Otan» партиясы әлемдік пандемия кезінде халықпен бірге болды. «Біз біргеміз» республика­лық акциясы аясында аз қамтыл­ған отбасыларға деген көмегін аямады. Бірлік бар жерде тірліктің де болатыны белгілі. «Nur Otan» партиясының кө­мегімен 1 миллиард 300 миллион теңге көлемінде жамбылдық мұқ­таж жандарға материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ жеке де­меу­шілер есебінен де көптеген игі іс атқарылды. «Біз біргеміз» бастамасына қалталы азаматтардан бөлек, бү­кіл қазақстандықтар жұмыла ат­са­лысты. Олардың қатарында об­лыстың ерікті жастары да бар. Сон­дықтан да сіздерді бүгін қа­былдап, құрмет көрсетуді жөн деп таптым, – деген облыс әкімі сөз кезегін жастарға берді. Жастардың атынан сөз алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Уа­лихан Болатбек өңірдің ерікті жас­тары атқарған бірқатар жұ­мыс­тарға тоқталып өтті. – Жамбылдың ерікті жастары әлемдік пандемия кезінде 15 мың­нан аса азаматқа азық-түлік се­бетін таратты. Сондай-ақ спорт са­ласындағы атақты толағай­ла­ры­мыз бен демеушілердің қол­да­уымен пәтерақысын төлей алма­ған азаматтарға дейін көмек қо­лын созды. Бұдан бөлек, біздің ерік­ті жастар Мақтаарал ауда­нын­дағы төтенше жағдайдан да шет қалмай, азық-түлік сынды мате­риал­дық кө­­мектен бөлек, елді мекенге ба­рып апат салдарымен күресуге де өзін­дік үлесін қосты. Бұл бағыт­та­ғы жұмыстар алдағы уақытта да жал­ғасын табады, – деді У.Болатбек. Өз кезегінде сөз тізгіндеген ерікті жас Олжас Апбозов кәсіп­кер ретінде карантин кезінде мұқ­таж жандарға барынша қол­ұшын беруді өзінің азаматтық парызы санағанын айтып, жас­тарға қолдау білдіріп отырған Ел­басы мен «Nur Otan» партия­сы­на алғысын білдірді. Облыс әкімі Бердібек Маш­бекұлы да жастардың жалынды бастамаларын әркез қолдайтынын айтып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының алғыс­хатын табыс етті. Бұл күні сондай-ақ «Қабілет» жастар орталығында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Балабек Нарбаев та ерікті жастарды құрметтеді. – Биыл ел үшін сындарлы ке­зең болғаны анық. Десе де, қазақ­стандықтар жұдырықша жұмы­лып, барлық қиындықты еңсеруде. «Birgemiz – Jambyl oblysy» қоғамдық қоры 50 000 теңге кө­лемінде бірреттік материалдық көмек ретінде мұқтаж жандарға жәрдемдесті. Бірінші кезеңмен 7 473 азаматқа жалпы сомасы 373 миллион 650 мың теңге кө­лемінде бірреттік атаулы әлеу­меттік көмек көрсетілді. Ал екінші кезеңмен жер­гілікті атқарушы органдардың деректемелері не­гізінде 464 мил­лион 750 мың теңге көлемінде 9 295 мұқтаж ­аза­матқа көмек берілді. Үшінші кезеңмен Вirgemiz қо­рынан 10 221 адамға Байзақ, Жам­был, Мойынқұм, Сарысу, Та­лас, Шу аудандарының, оның ішін­де 185 елді мекендегі әлеу­мет­тік аз қамтылған отбасыла­рына 511 мил­лион 50 мың теңге аударылды. Жалпы Вirgemiz қорынан Тараз қаласы және 6 аудан бо­йынша халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 26 989 адамға 1 миллиард 349 миллион 450 мың теңге көлемінде материалдық кө­мек берілді. Сондай-ақ облысы­мыз­дың кәсіпкерлері де азамат­тық танытып, халқына көмек көр­сетуде бірқатар жұмыс атқарды. Сонымен қатар Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқыны салдарынан зардап шек­кен ауылдарына партияның об­лыстық филиалының ұйым­дас­тыруымен 15 тонна гуманитарлық көмек (9,2 млн теңге) пен мүгедек жандарға арналған қоларбалар жолданса, Шу аудандық филиа­лының ұйымдастыруымен «Се­німді-Ақниет» қайырымдылық қо­ры 18 тонна (100 отбасына) гу­ма­нитарлық тауар жіберді. 20 жас­отан­дық Мақтааралға барып, ха­лыққа көмек көрсетті. Бұл ретте ерікті жастар сіздердің еңбек­те­ріңіз ерен. Ал ең бастысы сіздерге Елба­сының өзі құрмет көрсетіп, алғыс­хатын жолдап отыр, – деген Бала­бек Жанбекұлы Ұлт көшбас­шысының алғысхатын 40 ерікті жасқа табыс етті. Салтанатты шарадан кейін жалынды жастар естелік суретке түсіп, қамқорлығы мен қол­дауы үшін Елбасы мен Мемлекет бас­шы­сына деген алғыстарын білдірді.  

Саятхан САТЫЛҒАН,  Жамбыл облысы