ҰБТ–2020: Түлектердің тест тапсырғанын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды
ҰБТ–2020: Түлектердің тест тапсырғанын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды
Фото: Интернеттен алынды
271
оқылды
«ҰБТ-ның төртінші күні 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысуы тиіс болған. Оның 96%-ы тест тапсырды. Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш – үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Тоғыз түлектің қызуы көтерілді. Олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Сонымен бірге, емтиханды өткізу процесін бақылаудың нашар болуына байланысты білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департаменттер мен Арнайы бақылау тобы өкілдерінің ұсынысымен екі аймақтағы мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды.
«Мемлекеттік комиссиялардың жаңа мүшелері ретінде қоғам қайраткерлері, облыстың белсенді мұғалімдері, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бекітілді. Сондай-ақ тестілеу өткізу пунктеріндегі бақылауды күшейту мақсатында ҰБТ өткізуде сын-қатер мүмкін өңірлерге Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері жіберіледі», – дейді министрлік.
Түркістан облысында орналасқан екі пунктіде (Шәуілдір ауылы, Жетісай қаласы) және Шығыс Қазақстан облысындағы екі пунктіде (Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы) ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуына және бейнетрансляцияның өшуіне байланысты емтихандар басқа күнге ауыстырылды. БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың мәлімдеуінше, бұл пункттерде талапкерлер 27 маусым (Аягөз қ., Ақсуат а., Шәуілдір а.) және 2 шілде күндері (Жетісай қ.) тестілеуді тапсырады.