Тоқаев тарихи киноға бөлінетін қаражат, сапасыз фильмдер, киногерлерде ауызбіршілік жоқ екені жайында айтты
Тоқаев тарихи киноға бөлінетін қаражат, сапасыз фильмдер, киногерлерде ауызбіршілік жоқ екені жайында айтты
Фото: Интернеттен алынды
553
оқылды
Президент сұхбатта қазақ киносының дамуына кедергі келтіретін жайттарды атады. Оның ішінде, кино түсіру, оған бөлінетін қаражат, сапасыз фильмдер жайын сынға алды.
«Қазақ тілінің мәртебесін арттыру жолында кинематографияның да алар орны ерекше. Бізге тарихи оқиғаларды дәріптейтін, қазіргі қоғамды да бейнелейтін сапалы дүниелер керек. Қырғыз киногерлері «Құрманжан датқа» деген мәнді, мағыналы, көз қуантып, көңіл толатын фильм түсірді. Соған бар-жоғы 1,5 миллион доллар жұмсаған. Ал біздің кинематографис­тер бұдан әлдеқайда көп сұрайды. Ал түсірген дүниелерінің сапасы әрдайым көңілден шыға бермейді. Өкінішке қарай, бүгінде біздің киногерлер де ауызбіршілік таныта алмай отыр. Бұл – шығармашылықты тұралататын жағдай», – деді Президент.