Әке махаббатына бөленіп өспеген қыздың тұрмысқа шығуы қиын –
Әке махаббатына бөленіп өспеген қыздың тұрмысқа шығуы қиын –
©Сурет интернеттен алынды
1,316
оқылды

«Балалық шақ – ұмытылмас бал күндер» деп бекер айтылмайды. Сол балалық – адамның әрі қарай өмір сүруінің, қалыптасуының негізі. Бала кезде көңілге түскен кірбің де, қаяу да жанға батады. Жүректі ауыртқан нәрсе көңіл түкпірінде қалып қояды. Оны бала жүрек ұмыта ала ма? Соның зардабы ес жиып, ержетсе де кетпейді екен. Біз осы орайда психолог Сабина Рамазанованың пікірін білген едік.

[caption id="attachment_53480" align="alignleft" width="438"]психолог ©Сурет жеке архивінен[/caption] – Бүгінде психологтар көп нәрсе адамның бала кезіне байланысты деп жатады. Балалық шақта жүректе қалған дерт  өсе келе психикаға әсер етеді деген сөз қаншалықты шындыққа жанасады? Сонау бала кездегі жағдайдың бүгінге тигізген зардабы екенін қалай білеміз? – Иә, қазір көп мәселенің сызаты балалықтан басталады. Сондықтан болар, осы бағытты жұмысымның негізі ретінде алдым. Жалпы, негізі ересектермен жұмыс істеймін. Бірақ көп адамның мәселесінің бастауы – балалық шағында. Оны адамның бет-әлпетіне қарап, бірден аңғара алмайсыз. Бірақ сөйлесе келе, желдің қайдан есіп тұрғанын байқайсыз. Мысалы, кездесіп жүрген қыз бен жігітті алайық. Қыз жігіттің өзін жақсы көретінін беске біледі, оған шек келтірмейді. Соған қарамастан, қит еткен нәрсеге «сен мені сүймейсің» деп ренжіп шыға келеді. Бұл дегеніміз – қыздың толыққанды сүйетінін сезіне алмауы балалығында жатыр. Міне, осындай мәселелерді жан-жақты қарастыра отырып, шешімін табуға болады. Бірақ оған уақыт қажет. [caption id="attachment_53483" align="alignright" width="531"]дети ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Ал әке-шешесінің бірі ішімдікке салынған  не болмаса нашақор отбасында туып-өскен бала қандай боп ержетеді? –  Біріншіден, бала кішкентайында ненің жаман, ненің жақсы екенін білмейді, ажырата алмайды. «Істеймін», «істемеймін» деген шешімді тек 8 жастан кейін ғана  шығара алады. Оның арғы тағдырын шешетін осы шешім. Алайда жадында сақталған нәрсе ешуақытта ұмытылмайды. Мысалы, арақтың сасық иісі оның бала кездегі таяқ жегенін еске түсіруі мүмкін. Нақты көрініс көз алдына келмесе де, құрғыр сезім жүректе шым ете қалады. Эмоционалды ауруының кесірінен өзі араққа үйір болады. Сол  арқылы өзінің дертін жазғысы, түсінгісі келеді. Одан толық айығуы да мүмкін.
 «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөздің жаны бар. Кішкентайында баланың пірі – ата-ана. Оны ешкім өзгерте алмайды. «Балаға тәрбие бергің келсе, сөзбен емес, ісіңмен көрсет» дегендей, бала көргенін қайталайды.
 «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөздің жаны бар. Кішкентайында баланың пірі – ата-ана. Оны ешкім өзгерте алмайды. «Балаға тәрбие бергің келсе, сөзбен емес, ісіңмен көрсет» дегендей, бала көргенін қайталайды. Егер ол ата-анасынан да зор тұлғаны көрсе, оны пір тұтып кетуі мүмкін. Соған қарап, өзін түзеуі де мүмкін. Ондай кезде бала керісінше ата-анасының жат қылығынан ада болады. Тіпті, темекіні де, ішімдікті де аузына алмай өтуі ықтимал. – Бала кезінде ата-анасы ажырасып кеткендердің көбісі есейе келе  отбасылық қарым-қатынасқа күмәнмен қарап, секемшіл болады екен. Соның кесірінен кейбірі отбасын құрмай, жалғыз қалып қоятыны шын ба? – Ерлі-зайыптылар бірін-бірін жақсы көрмесе де, көңілі суып қалса да, ажырасып жатады. Ажырасудың өзі түрлі фактордан тұрады емес пе?! Жалғыз қалудың себебі тек осы деп қарау дұрыс емес.
Ең алдымен түп санаға үңілу қажет. Онда әке-шешенің отбасылық өмірі ғана емес, арғы ата-бабаның ғұмыры, қанға да байланысты. Кейбірінің қатып қалған, ойдан жасап алған  шектеуі бар. Бәрін сонымен елеп-екшейді. Көбісі «ер адамдарға сенуге болмайды», «отбасылы болсаң, проблемадан көз ашпайсың», «әйел деген тұзақ, түссең - өлгенің» деген секілді түрлі қаңқу сөздерге сүйеніп, сонымен өмір сүреді. Бұл жерде әр адамның жағдайын жіті қарау керек.
[caption id="attachment_53486" align="alignnone" width="1024"]сәби ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Әке махаббатына бөленіп өспеген қыз бала есейгенде жігітпен тіл табыса алмай, отбасылы болуы да қиын дегенге не дейсіз? Иә, оның да салдары бар. Өйткені әке – қыз баланың алғашқы махаббаты. Егер әкесінен көңілі қалса, өмір бойына сақталып қалады. Бұл дегеніңіз – еркек атаулыға көңілі қалды деген сөз. Соның кесірінен қыз келешекте қасына жігіттерді жолатпайтын болады. Ешкімді де күйеуі ретінде қарамайды. Жолықса да оның көбісі қара басын ойлап қалғандар болады.
Бірақ бәрі бірдей тұрмыс құрмай, жалғыз қалады деп түсіну – қате. Егер қыз бала өзін-өзі бағалап, әкеге деген өкпесін ұмытса, өзіне лайықты адамын жолықтыра алады.
[caption id="attachment_53488" align="alignleft" width="508"]кыз ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Қазір тастанды балалар көбейіп кетті. Оның кейбірі жақсы отбасында өсіп, өмір  сүріп те жатыр. Дегенмен құрсақта жатқанында сәби «анасына керек болмағанын түсінеді» деген рас па?  Ондайлар қандай болып өседі? Бағана айтқанымдай. барлығы түп санаға байланысты. Мидың нейрондық байланысы қалыптаса бастағанда не жазылып, сақталуына қарайды. Ол – аяғыауыр кезеңнің алғашқы сатысында қалыптасады.  (Соңғы етеккірдің келуінен бастап, 13 аптаға дейінгі кезең) Болашақ ананың сәбилі болғанын білуі, қуанышты хабарды жолдасына айтуы – осының бәрі құрсақтағы сәбиге әсер етеді.

 Тіпті, болашақ ана жаңалығымен бөліскенде көңілі жабырқау болса, құрсақтағы сәбидің миына «мені қаламайды» деген сигнал кеткені. Енді жанданып, жұмыс істей бастаған ми осыдан соң, өзін-өзі құрта бастайды. Сол себепті кейбірі ДЦП секілді түрлі ауруға шалдығып туылады. Бәрі бірдей ауру балалар емес, дені сау балалар да өмірге келеді.  

Бірақ оларда «ешкімге керек емеспін» деген ақпарат бойына сіңіп кеткен. Ол сол сезіммен есейіп, ер жетеді. Қайда жүрсе де, ол сезімнен арыла алмайды. Көбіне ішімдікке салынғандардың балалары осындай сезіммен өседі. Сондықтан сәбиді құрсақта жатқаннан жақсы көріп, тілеуін тілеу керек. Пешенемізге не жазылғанын кім біледі?! Бірақ мейірімге бөленіп өскен баланың жүрегі мейірімге толы болады ғой.