Кәсібі бардың – нәсібі бар
Кәсібі бардың – нәсібі бар
1,230
оқылды

Мына заманда диплом деген баяғыдай рөл атқармай қалды. Қолдарында табақтай дипломы бардың көбісі жұмыс таппай, сенделіп жүргенін көріп те жүрміз. Еңбек нарығы тез өзгеріп жатыр. Жағдайға тезірек бейімделіп, жаңа кәсіп игеріп, жаңа жұмысқа кіріскендер өкініште қалмайды. Елімізде «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаның жұмыссыз жүргендерге берері көп. Бірақ соған мойын бұрып, жаңа кәсіп игеруге ықылас танытып жатқандар шамалы.

Елімізде «Нұрлы жол» бағдарла­масы аясында да жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып жатыр. Жаңа кәсіп иелерін жүйелі түрде даярлау деген өзекті мәселеге айналды.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол кар­тасы» бағдарламасы үш бағытқа құрылған: инфрақұрылым және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылы­ғын дамыту арқылы жұмыспен қамту, екінші бағыты – жеке кәсіп­керлік қызметті қолдау, ал үшінші бағыт – жұмыс берушінің қажетті­лі­гіне орай, жұмысқа орналасуға әрекеттесу, қо­ныс аудару бағыты. Бізде қазір көбіне екінші бағыт пен үшінші бағыт бойын­ша жұмыс істеуге көбірек көңіл бөлініп отыр. Өзін-өзі жұмыс­пен қамтушылардың көбі сол, бағ­дар­ламаның екінші бағытын орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Үшінші бағыт дәл қазіргі таңда біздің басты бағ­дарымызға айналмай тұр. Жұмыс берушілердің сұранысына қарай жұмысқа орналастыру және ма­мандығы бар, бірақ еңбек нары­ғын­да сұранысы жоқ мамандық ие­лерін қаладағы еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік қайта даярлау курстарына жіберіп, оқуларын аяқтаған соң жұ­мысқа орналастыру ісінде жүйелілік жоқ.

Кәсіптік қайта даярлау – қысқа мерзім ішінде жаңа кәсіпті игеруге мүмкіндік беретін, мамандар мен бас­шыларға арналған қосымша білім. Мұндай оқудың мақсаты – таңдап алынған мамандық бойынша міндеттерді атқару үшін қажетті жаңа білім мен машықтарға қол жеткізу.

Мемлекетімізде «Халықты жұ­мыс­пен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемле­кеттік бағдарламасы, Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқамерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілген.

Политеxникалық, гуманитарлық-құрылыс, сондай-ақ энергетика мен байланыс саласындағы мамандарға сұраныс баршылық. Сондай-ақ ақ­параттық теxнологиялар, байланыс, радиотеxника, құрылыс пен газдан­дыру саласы бойынша да жас маман көптеп керек. Туризм мен қызмет көрсету саласы, тамақ өндірістерінің теxнологиясы мен стандарттау саласы бойынша да өз кәсі­бінің шеберлеріне сұраныс жеткі­лікті. Елордамызда EXPO-дан кейін та­маша инфрақұрылым қалыптасты. Саябақтар, 200-ге жуық xостель мен отель, мыңға жуық дәмxана мен мей­рамxана, ойын-сауық орта­лықтары және басқа мекеме жет­кілікті. Ас­та­намызға қызмет көрсету саласындағы кәсіби мамандар аса қажет.

Осының бәрінің тиімділігі қайда? Нәтиже неге көңіл көншітпейді?