«Атаулы әлеуметтік көмек аламын» деп жаппай өтірік ажырасты – министр көмектің кері әсері жайлы айтты
«Атаулы әлеуметтік көмек аламын» деп жаппай өтірік ажырасты – министр көмектің кері әсері жайлы айтты
Фото: Интернеттен алынды
248
оқылды
«Мемлекет басшысының Жолдауының басты басымдықтарының бірі – отбасы және балаларды қолдау шаралары. Қазіргі таңда өкінішке қарай, қоғам өзгерісімен бірге отбасының құндылықтары да өзгеріп бара жатқанын айта кету керек. Елдегі өзекті мәселелердің бірі – ажырасу жағдайының артуы. 2017 жылы ажырасудың 55 мың жағдайы (тіркелген некелердің 39 пайызы) тіркелсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 60 мыңға (43 пайызы) жеткен. Сонымен бірге мұндай белсенді статистикаға АӘК айналасындағы жағдай себеп болғанын жеткізгім келеді. Материалдық көмек алу үшін адамдар жаппай өтірік ажырасып жатты», – деді Аида Балаева. Министрдің айтуынша, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту өте маңызды. «Негізгі бағыт-бағдар 2030 жылға дейінгі отбасы мен гендердік саясат тұжырымдамасында көрсетілген. Биыл осы Тұжырымдаманың екінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстары басталды. Ол отбасы институтын жетілдіріп, репродуктивті денсаулықты нығайтып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған», – деді министр.