Депутаттар – Түркістанда
Депутаттар – Түркістанда
342
оқылды

Түркістанға Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев іссапармен келді. Ол қалалық аурухананың қызметкерлерімен кездесіп, мекеменің емделушілерімен әңгімелесті.

Орталық жетекшісінің сөзінше, мекеме заманауи техникамен жабдықталған және емхананың тұрғындарға қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. Депутат қыз­меткерлердің жұмысымен танысып, дә­рігерлерге және емделушілерге алғыс білдірді.

Әңгіме барысында денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы көтерілгені туралы айтылды.

– Бюджеттік ұйымдардың қызмет­керлері, соның ішінде медициналық мекемелерде жұмыс істейтін қызметкер­лердің жалақысы 30 пайызға артты. Бұл медицина қызметкерлері үшін жақсы жаңалық болды. Ақ халатты абзал жан­дардың әрқашан еңбегі еленіп, қызметі бағалана бергей, – деді Фахриддин Қаратаев.

Өз кезегінде аурухана өкілдері жала­қының жоғарылағаны туралы жаңалықты қуана қабылдады және бұл олардың кәсіби дамуы мен жалпы медицина дамуына зор ынталандыру болатынын жеткізді.

Содан кейін Ф.Әбдінабиұлы Түркістан облысы Ішкі істер департаментінің ғи­маратына барып, оған жаңа облыс орталы­ғында құқық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жобалар туралы айтты. Оның сөзінше, Түркістан алдағы уақытта қауіпсіз қалаға айналады екен. Бұл үшін тарихи астананың аумағында интеллектуалды бейне­бақылау камераларын орнату жұ­мысы жүргізіліп жатыр.