Қоғамның әлсіз топтары – назарда
Қоғамның әлсіз топтары – назарда
519
оқылды

Nur Otan партиясының XVIII съезінде айтылған ең басты мәселелердің бірі – әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсету. Оларды Үкімет ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Осы мақсатта қазынадан жыл сайын қомақты қаражат бөлініп, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен соғыс ардагерлеріне және жалғызбасты адамдарға әртүрлі жәрдемақылар тағайындалады. Көпбалалы аналарға көмек қолын созу шаралары Наурызым ауданында нәтижелі жүзеге асып келеді.

Биыл облыстық бюджеттен барлық әлеуметтік әлсіз топтағы тұрғындарға 7,4 млрд теңге қар­жы бөлінді. Ол былтырғымен салыстырсақ, 1 млрд теңгеге не­месе 15 процентке көп. Қомақты көлемдегі қаражат – қоғамның қолдауға мұқтаж мүшелеріне мемлекеттің көрсетіп отырған үлкен қамқорлығы. Мысалы, 5 бала тәрбиелеп отырған Сәуле Айтбаева әлеуметтік әлсіз топ­тағылардың әлеуетін арттыруға арналған бағдарламаның ар­қасында баспаналы болғанын және үкіметке шексіз риза еке­нін айтады.

– Осыдан 2 жыл бұрын Әу­лие­көлден көшіп келгенбіз. Көптен күткен, үміттенген бас­па­наға қол жеткіздік. Жер­гілікті кә­сіпкерлерге алғыс біл­діре­міз, – дейді Сәуле Айтпаева.

Наурызым ауданы аумағында Nur Otan партиясының бас­тамасымен жүзеге асқан «Ба­қыт­ты отбасы» жобасы сәтті жү­зеге асуда. Осы орайда жер­гілікті кәсіпкерлер, нұротан­дықтар, 42 аз қамтылған және көпбалалы отбасыға 3 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіп, коммуналдық қары­зын жауып бергенін де айта кету керек.

– Ауылға көшіп келгеніме үш жыл болды. Біздің үйіміз ескі, қабырғалары жарылған бола­тын. Жергілікті әкімге, аудандық Nur Otan партиясы филиалының төрағасына көмекке жүгіндік. Алты балам бар. Қаржылай қол­дау көрсетті, жаңа баспанаға қол жеткіздім, – дейді Мәдина Мырзалина.

Айта кету керек, Nur Otan партиясының съезінде қоғам үшін бірқатар маңызды мә­селелер көтерілді. Соның ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы, партия Төрағасы әлеуметтік салаға айрықша назар аударды. Әсіресе, қолдауға зәру көпба­лалы отбасылардың тұрмысын жақсартуға қатысты көптеген маңызды міндеттер тапсырыл­ды. Бүгінде облыста бес мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Ал Наурызым ауданында кемінде 4 бала өсіріп отырған 186 отбасы тұрады. Оларға жергілікті билік тарапынан тиісті қолдау көр­сетіліп отыр.

Кәсіпкерлер тарапынан да көп­балалы отбасыларға көрсетіліп жатқан көмек түрі көп. Біреулер отын-суын түсіріп берсе, енді біреулер азық-түлікпен қам­тамасыз етеді. Олардың ара­сында жомарттық танытып, баспана алып беріп жатқандары да жоқ емес.