Түркия қазақстандықтар үшін шекараны жабады
Түркия қазақстандықтар үшін шекараны жабады
Фото ашық дереккөзден алынды
237
оқылды
Қазақстан азаматтары үшін екі апта Түркияға кіруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шекаралардың жабылуына Қазақстанда  жарияланған карантин себеп болды. "Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Стамбул мен Анталияға рейстер Түркияда демалысы аяқталған қазақстандықтарды үйлеріне қайтару мақсатында жалғасады. Түрік билігінің айтуынша, бұл шаралар уақытша. Шектеулер екі аптадан кейін алынуы керек. Түркияға рейстер кестесінде өзгерістер болады, ол туралы жолаушыларға электрон пошта және sms арқылы хабарланады", - деді Air Astana әуе компаниясының өкілі.