Ресейлік боксшы рингте алған жарақатынан көз жұмды (видео)
Ресейлік боксшы рингте алған жарақатынан көз жұмды (видео)
296
оқылды

Осыған дейін 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын ресейлік кәсіпқой боксшы Максим Дадашев бірнеше күн бұрын жекпе-жек барысында алған жарақатынан кейін көз жұмды. Боксшы америкалық ауруханада қайтыс болған.

28 жастағы боксшы 20 шілде күні пуэрто-риколық Субриэл Матиаспен болған жекпе-жек кезінде ауыр жарақат алған. Кездесу 11 раундта ресейлік боксшының секундантының ескертпесінен кейін тоқтатылған. Мидағы қанды ісікті жою үшін Максимге екі сағаттан артық уақыт бойы операция жасалған. Ісінуді басу үшін бас сүйегінің жартысын алып тастауға тура келген. Аз уақыттан соң спортшы медикаментозды комаға түскен.

Дадашев кәсіпқой боксқа алғаш 2016 жылы аяқ басты. Осы кездесуге дейін ол карьерасында 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 11-ін нокаутпен аяқтаған. Боксшы өзінің барлық кездесулерін АҚШ-та өткізіп келген.

https://youtu.be/6iIkm4mExuA