Қарияларға қол ұшын берді
Қарияларға  қол ұшын берді
346
оқылды

Nur Otan партиясы «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде әрі тиімді шешу үшін қоғамдық қабылдау бөлмелері «жедел әрі бір жерде» қағидасымен жұмыс істеу форматына көшкен еді. Кез келген азаматтың арыз-шағымы партиялықтардың назарынан тыс қалған емес.

Партияның қоғамдық қабылдау бөл­месіне жүгінгендердің бірі Қостанай об­лысы Әулиекөл ауданының тұрғыны – Лидия Горошко. Ол елдімекенге қарасты аудандық филиалға өтінішпен келіпті. Кейуананың жасы – 82-де, ІІ топтағы мүгедек. Біраз жылдан бері арбаға таңыл­ған. Шағымданушының сөзінше, арбасы сынғалы бері әжейдің жүріп-тұруы қиындап кеткен. Қабылдауды жүргізген Nur Otan партиясы Әулиекөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынба­сары Марат Есенғалиев партия көмекке зәру жандарға әрдайым қол ұшын созуға дайын екенін айтты.

– «Халыққа көмек» партиялық жоба­сының басты мақсаты – азаматтардың өзекті мәселелерін жедел шешу және әлеуметтік жоспардың өткір әлеуметтік проблемаларына көмек көрсету. «Халыққа көмек» партиялық жобасы арқылы қоғам­дық қабылдау бөлмелері Елбасының әлеу­меттік салаға қатысты тапсырмаларын орындау барысында мемлекеттік орган­дардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес қауымдастықтың қызметтерін үйлестіруші рөл атқарады, – деді ол.

Кездесуден соң кәсіпкерлер мен демеушілердің көмегімен Nur Otan партиясы Әулиекөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Есенғалиев Лидия әжейге қоларба сый­лады. Ол өз кезегінде Мемлекет басшы­сының «Халыққа көмек» жобасы арқылы халықпен кері байланыстың қуатты жүйесін қалыптастыруды тапсырғанын еске салып, жоба аясында халықтың мәселелерін шешуде әлеуметтік желіні тиімді пайдалануға шақырды.

– Азаматтар көкейдегі сауалдарын, мәселен, еңбекақы, алименттің төлен­беуін немесе тиісті көмек, анықтамалардың берілмей жатқанын әлеуметтік желідегі парақшаларында жазса, өтініштер не­гізінде заңға сәйкес әр мәселенің шешімін табуға тырысамыз. Бұл – әлеуметтік желі-лердегі белсенділіктің бір бағыты, – дей келе, интернеттің кеңейтілген мүмкін­діктерін белсенді іске қосу керегін алға тартты.