Баландин жартылай финалда
Баландин жартылай финалда
385
оқылды

Қазақстандық жүзгіш, олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында бақ сынауда.

Спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзу сынында жақсы өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде аталған қашықтықты 2:09.27 уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен Баландин 11-орынмен жартылай финалға жолдама алды. Ал өз тобында Олимпиада чемпионы бесінші нәтиже көрсетті.

Әзірге бірінші орында австралиялық Мэттью Уилсон (2:07.29) тұр. Екінші орында – ресейлік Антон Чупков (2:08.22). Үздік үштікті германиялық Марко Кох (2:08.70) қорытындылаған. Айта кетелік, Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы атанған еді.