Бас есепші мектеп бюджетінен 750 мыңнан астам теңгені жымқырған
Бас есепші мектеп бюджетінен 750 мыңнан астам теңгені жымқырған
©Сурет интернеттен алынды
246
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін Е.Гадецкая материалдық жағдайын жақсарту мақсатында мектеп бюджетінен ақша жымқырған. Ол бас есепші ретінде  өзінің қызметін пайдаланып, 1С есеп-қисаптық бағдарламаға өтірік төлем енгізіп отырған.
Былтырғы жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы сот-сараптамалық есепке сәйкес, бас бухгалтерге төленетін жалақы мен 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Гадецкаяның атына жеке шотқа аударылған ақша сомасы – 758 238 теңге.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Максим Ганжаның мәлімдеуінше,  тараптар татуласуына байланысты қылмыстық істі сот тоқтатқан. Оның келтірген материалдық шығыны толығымен өтеліпті.