Қызылордада жарықтың тарифі арзандады
Қызылордада жарықтың тарифі арзандады
©Сурет интернеттен алынды
210
оқылды
 «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 26-бабы 2-тармағының 15-тармақшасының талабына сәйкес, «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ тарифтік сметаның орындалуын сақтамаған.
Компания негізсіз 334 483 649 теңге пайда тапқан. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарлады.
Енді «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ-на биылғы жылдың 1 тамызынан бастап 1 кВт/сағатына 4 501 теңге төлейтін болады.  Алдында  төленіп жүрген 4,932 теңге 8,7% пайызға уақытша төмендетілді.