Жастар жылы – жаңа белестер бастауы
Жастар жылы –  жаңа белестер бастауы
506
оқылды

ІІМ Павлодар қалалық оқу орталығында Криминалистика және арнайы техника циклі апталығының аясында Жастар жылына арналған «Жаңашыл жастар – ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға уәкілетті органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері, Павлодар қаласының «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері қатысты.

Дөңгелек үстелдің ашылуында оқу бөлімінің басшысы, полиция подпол­ковнигі Алмагүл Каримова құттықтау сөз сөйледі.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы қазан айындағы Қазақстан хал­қына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны бәрімізге белгілі. Жастар жылында қазақстандық жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылады деп ойлай­мын. Бүгінде мемлекеттік қолдау шара­лары қабылданып, бірыңғай іс-шаралар жоспары әзірленіп, толық бекітілді. Бұл жастар саясаты мемлекеттік назардың басым назарында тұрғанын көрсетеді. Елбасы Жастар жылының ашылуында атап өткендей, жастарды баспанамен қамту, ерікті жастарды қолдау, жастарды кәсіпкерлікке баулу мәселелері басты назарда болады. Жастарға қолдау көрсетіліп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдайтын ашық диалог форматындағы кездесулер жыл бойы жалғасады, – деді Алмагүл Амангелдіқызы.

Дөңгелек үстел барысында жастардың барлық санатын қолдау мақсатында атқарылатын жұмыстар талқыланып, ұсыныстар тыңдалды. Отырыста Nur Otan партиясы Павлодар қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының бөлімше басшысының мін­детін атқарушы А.Шәріп, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жастар одағы Үйлестіру кеңесінің төра­ғасы, облыстық маслихаттың депутаты Р.Смаилов, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма­сының «Жастар бастамаларын дамыту ор­талығы» ҚММ бөлім жетекшісі Б.Жансейтов сөз сөйлеп, жаңашыл жастардың игі бастамаларына қолдау білдірді. Сондай-ақ Павлодар қала­сының ішкі саясат бөлімі жастар саясаты секторының меңгерушісі О.Жакин, Павлодар облысы жастар саясаты мәсе­лелері жөніндегі басқармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығының бөлім инспекторы А.Катеев те Жастар жылына арналған жаңа жобалар мен осы күнге дейін жастарға бағытталып жасалған шараларға жеке-жеке тоқталды.

Жиынды қорытындылаған Кри­миналистика және арнайы техника циклінің бастығы, полиция подпол­ковнигі Н.Ашықбаев кеңеске қатысу­шыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта сенімді ынтымақстастық пен толағай табыс тіледі.