Балаларға сөмке сыйлады
Балаларға сөмке сыйлады
404
оқылды

Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тапты. Nur Otan партиясының елордалық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балаларды мектепке дайындайық» атты шара өткізді.

Республикалық акция барысында 150 аз қамтылған және көпбалалы от­ба­сы­лардан шыққан балаларға 1 қыр­күйек­ке орай сыйлық ретінде мектепке қа­жетті оқу құралдар мен сөмке сыйға тар­тылды.

Айта кетейік, партия мүшелері елор­далық меценаттармен бірге акция аяқ­тал­ғанға дейін 1 500-ден астам баланы жаңа оқу жылына дайындауды жоспар­лап отыр.

– Партия бизнес қауымдастығы өкіл­дерін «Баланы мектепке дайындайық!» акциясына белсенді қатысуға шақырады. Бұл акция бүгінде «Бақытты отбасы» пар­тиялық жобасы аясында өткізіліп ке­ле жатқан дәстүрлі іс-шараға айналды. Қайырымдылық шарасы – балаларды оқуға дайындауға мүмкіндіктері кел­мей­тін көпбалалы және аз қамтылған от­ба­сыларға көмектесуге таптырмас мүм­кін­дік әрі еліміздегі ең жақсы республикалық акциялардың бірі. Акция аясында аула бойынша жүргізілген рейд барысында анықталған материалдық көмекке мұқ­таж жандар да назардан тыс қалмайды, – деп атап өтті Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы Төра­ғасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.

«Баланы мектепке дайындайық» рес­публикалық акциясының мақсаты – қар­жылық қиыншылықтары бар от­ба­сыларға мүмкіндігінше атаулы әлеумет­тік қолдау көрсету, балаларды мектепке дайындауға көмектесу. Акция еліміздің бар­лық аймағында өтіп, осы айдың соңы­на дейін жалғасады. Мектепке дайын­дық шарасы бойынша көмек алғы­сы келетін отбасылар партияның елор­далық филиалына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгіне алады.