Бағдарлама арқылы баспаналы болды
Бағдарлама арқылы баспаналы болды
435
оқылды

Талдықорғанда «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспаналы болған алғашқы жанұяны партиялықтар құттықтады.

Талдықорғандық Эльвира Тулақбаева «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарла­масымен Алматы облысы бойынша алғашқы үй алған тұрғын болып тіркелді. Талды­қорған қалалық партия филиалы­ның төрағасы, қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Тұрғын құрылыс жинақ банкіне» арнайы келіп, Эльвира Мұхтар­қызын қуанышымен құттықтады.

Байланыс саласының қызметкері Эльвира Тулақбаева баспаналы болғанын ағайын-туғандары, дос-жарандары да естіп қатты қуанып жатқанын айтты.

– «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағ­дарламасын енгізген мемлекетке рақ­мет. 2 пайызбен ипотекалық несие беру – ол азаматтар үшін өте үлкен көмек, – дейді ол қуанышын жасыра алмай.

«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы – несиеге үй алуға жеңіл­дік ретінде құрылған бағдарлама. Несие жылына 2 пайыздық мөлшерлеме­мен 19 жылға беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 10 пайыз. Егер бағдарламаға қатысуға ниет білдірген көпбалалы, әл-ауқаты төмен, мүгедек баланы асырап отырған жалғызбасты аналар немесе әкелер алғашқы жарнаны төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда әкімшілік тарапынан 1 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификатын алуға мүмкіндігі бар. Алайда олар баспанаға мұқтаж отбасылар санатына жататынын дәлелдеуі қажет. Ол үшін атқарушы органнан көпбалалы отбасы екенін дәлелдейтін анықтама алып, оны банкке тапсырады. Бағдарла­маға қатысушыларға қойылатын ең басты талап – «Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкінің» салымшысы болуы мін­детті. Олай болмаса, банктен дербес шот ашуға құқы бар.

Қазіргі уақытта Талдықорған қала­сында «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағ­дарламасына қатысуға 246 адам өті­ніш білдірсе, солардың 84-і комис­сия­лық байқаудан өткен. Қалған азаматтар байқаудың нәтижесін күтіп отыр.