Jastar – Otanga жұмысын бастады
Jastar – Otanga  жұмысын бастады
416
оқылды

Jastar – Otanga! республикалық жастар саяси лагерінің қатысушылары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында бас қосты. Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының мұрындық болуымен ұйымдастырылатын шара биыл да жалғасын тапты. Еліміздің әр түкпірінен келген, сантүрлі саланың тізгінін ұстаған 170-ке жуық жас лагерде тәжірибе алмасып, білімін жетілдіруде.

Салтанатты шарада Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Jas Otan Жастар қанатының төра­ғасы Дәулет Кәрібек сөз сөй­леп, жастар Президент Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың Қа­­зақ­стан халқына арнаған «Сын­дарлы қоғамдық диалог – Қа­зақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жол­дауын зор ықыласпен қа­был­дағанын айтты. Ол сөз соңында Jastar – Otanga! республикалық жастар саяси лагерінің қатысушыларына сәт­ті демалыс тіледі.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасында жастарға ерекше көңіл бөлгені бәрімізге белгілі. Әсіресе, пар­тия төңірегіне жастарды бірік­тіру үшін шаралар қабыл­дауды тапсырды. Бұл елі­міз­дің барлық жастарын бір сер­пілтіп, олардың бойына жігер сыйлады. Jastar – Otanga! саяси лагерінің негізгі мақсаты – жас­тар саяси резервін құру, белсенді жастарды қолдау, ел келешегін дәріптеу екенін айта кеткен жөн. Лагерьдегі әсерге толы күндер жастарға жаңа күш-қуат беріп, болашаққа қойған мақсаттарын, жобаларын жү­зеге асыруға мүмкіндік бе­реді. Осы орайда лагерь жас­тар­дың басын бір арнаға тоғыс­ты­рып, білімін шыңдап, олар­дың бір-бірімен байланыс орна­туына себепкер болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл алаң жаңа идеялар мен жобалардың тууына ерекше жағдай жасайды, – деді Дәулет Кәрібек.

Бір аптаға созылатын шара барысында жастар білікті, тә­жірибелі бапкерлердің дәрі­сін тыңдап, білімін шың­дай­ды. Саяси менеджмент, жобаларды ұйымдастыру секіл­ді тақырыптарға түрлі тренингтерге, семинарларға, тренд сессияларға, уоркшоп­тарға қатысады. Сондай-ақ Қайрат Құдайберген, Ларион Лян секілді еліміздің өнер, спорт және бизнес саласында жетістікке жеткен танымал тұлғалармен кездесіп, сұрақ қоя алады. Jastar – Otanga! рес­публикалық жастар саяси лагерінің қатысушылары шара аясында тәжірибе алмасып қана қоймай, тауға серуендеу, кинокеші, алау жанындағы кездесулер, спорттық жарыс­тар, зияткерлік квест секілді қызықты іс-шараларға қа­тысады. Айтулы шарада Abdr, Мирас Жүгінісов, Canyekyey және Salem Stand Up Show резиденттері жастарға музы­калық кеш сыйлайды.

Лагерь аясында Jas Otan Жастар қанатының Орталық кеңес отырысы өтеді. Кеңестің сайланған мүшелері мен өңір төрағалары ауыл жастарына арналған әлеуметтік лифт, жер­­гілікті жерлерде жастар мем­лекеттік бағдарламаларын іс­ке асыру, еліміздің оқу орын­­­дарында сыбайлас жем­қор­лықты жою тетіктері сын­ды тақырыптарды талқы­лайды. Сонымен қатар 7 қыр­­күйек­те Nur Otan партия­сы төра­ғасының бірінші орын­басары Бауыржан Байбек лагерьде жастармен кездесу өткізеді деп жоспарлануда.