Қабылдау күндері белгіленді
Қабылдау күндері белгіленді
296
оқылды

Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында Nur Otan парламенттік фракциясының депутат­тары республика­лық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды аптасына екі рет жеке қабылдайтын болды.

Nur Otan партиясы Сая­си кеңесінің кеңейтілген оты­ры­сында Елбасы Н.Назарбаев партияның күнделікті жұ­­мысын түбегейлі қай­та құ­руды, сондай-ақ Мәжі­ліс­тегі парламенттік фракция­ның жұмысын күшейтуді тапсырды. Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жырымдамасын жүзеге асыру қажеттігі туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткен болатын.

Nur Otan партиясының атынан сайланған ха­лық қа­­лау­­лылары ел тұрғын­дары­мен Мәжілістің бүкіл сес­сиясы барысында кез­де­седі. Депутат­қа сұра­ғын немесе өтініш-тіле­гін жол­дау үшін өзге өңір­лер­­дің тұрғындарына рес­публи­калық қоғамдық қа­былдау бөлмесіне келу мін­­детті емес. Ол үшін Nur Otan пар­тия­сының кез келген ай­мақ­­тық филиалына келіп, сол жерден бейнебайланыс ар­қылы сауал жолдай алады.

Мәжіліс депутаттары – Nur Otan партиясы фракциясы мү­шелері бөлмесінде 2019 жыл­дың қыркүйегі мен 2020 жылдың маусымы ара­лы­ғында республикалық қоғам­дық қабылдау өт­кі­зе­ді. Азаматтарды қабыл­дау кестесін Nur Otan пар­тиясының сайтынан көруге болады.