Білім орталығы ашылды
Білім орталығы ашылды
504
оқылды
Шымкенттегі Абай атындағы орталық кітапханада Nur Otan партиясының қолдауымен білім орталығы ашылды. Жаңа орталықтың тұсауын Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаев кесті.

– Жаңа кеңседе оқырман­ның алаңсыз кітап оқуына бар­лық жағдай жасалған. Бастысы, бұл жерде баспадан шыққан кітаптарды, олар­дың электронды түрін де оқи аласыз. Келешекте атал­ған орын оқырманның ең жиі бас сұғатын жеріне айна­ла­тынына сенемін, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Орталық кітапхананың негізі 1964 жылы қаланған. Орталықтандырылған көп­шілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы қа­лалық орталық кітапхана, №23 кітапхана бөлімшелері оқырманға қызмет көрсетеді. Айта кетейік, Шымкентте мұн­дай білім орталығы осы­мен үшінші кітапханада ашы­лып отыр.

– Бұл орталықтың мақ­саты – жастарға мәдени-ты­нығу жұмысын ұйымдас­ты­­ра отырып, олардың бі­лі­­мін шыңдау, әдебиетке де­ген көзқарасын қалып­тас­­тыру, жаңа заманауи жаңа­­лық­­тар­мен дер кезін­де таныс­тырып отыру, интел­лек­туалды орта құру. Қа­­зіргі жастар өзіне қажетті мәлі­меттің барлығын осы жер­ге ке­ліп ала алады. Мұнда көпші­ліктің сұранысына бай­ла­нысты мотивациялық мақ­сат­тағы кітаптар көрмеге қойылған. Қажетті ақпаратты алуы үшін компьютермен, ин­тернетпен жабдықталған. Бұл бастама Nur Otan пар­тия­сының қолдауы арқылы жү­зеге асырылып отыр, – дейді кітапхана әдіскері Гүлжан Садық.

Белгілі қаламгер Байдулла Қонысбек өзінің құттықтау сөзінде кітапханада шаң ба­сып жатпайтын, қол­дан қол­ға тимейтін кітаптың көп болуын және оқыр­ма­н­ның үзілмеуін тіле­ді. Жиын­­­да ақылына ақы сұра­май­тын ең құнды қазына – кі­тап­ты оқудың мәні еш­қа­­шан жойылмайтыны ай­ты­­лып, жастарды кітап оқу­­­ға баулудың маңызы тал­қы­ланды.