Үздіктер – жүлдегер
Үздіктер – жүлдегер
337
оқылды

Nur Otan партиясы­ның Ақмола облыстық филиалында «Қазақстан­ның үздік әлеуметтік жобалары» дәстүрлі байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты рәсімге партия филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов пен Ақмола облыстық жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағдарла­ма­ларды үйлестіру басқарма­сының басшысы Дина Ахметжанова қатысты.

Биыл жетінші рет өткі­зі­ліп отырған байқауға облыс­тың әр өңірінен 20 жоба ұсы­нылды. Оның ішінде өңір­лік кезеңдерден кейін бай­қау комиссиясының ше­ші­мімен 15 жоба іріктеліп, облыстық кезеңге жолдама ал­ды. Жеңім­­­паздар мен қатысушы­лар­ды құттықтаған Ғалым Бек­ма­ғамбетов байқауға қа­тыс­қан барлық жоба автор­ы жеңіске лайық екенін ай­тып, мұндай байқаудың әлеу­меттік, ру­хани және тәр­бие­лік маңызы зор екенін атап өтті.

– Бұл байқау әлеуметтік салада белсенділігімен көзге түскен қоғамдық ұйымдар мен мұқтаж жандарға кө­мек қолын созған жеке азамат­тар­ға қолдау көрсетуге, олардың еңбектерін елеп-ескеруге мүмкіндік береді, – деді Ғалым Бекмағамбетов.

Кездесуде облыстық жұ­мыспен қамтуды және әлеу­мет­­тік бағдарламаларды үй­лес­тіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова іс-шараның қоғамда тең мүм­кін­діктер қалыптастыру жо­лында игі дәстүрге айнал­ғанын айтты.

Байқау қорытындысы бойынша «Анти дәмхана» жобасын ұсынған көкше­таулық Анар Батырәлиева мен «Шебер ана» жобасының авторы целиноградтық Айгүл Рақымова жүлделі үшінші орынға ие болды. Екін­ші орынға «Әлеуметтік салада еріктілер қозғалысын дамыту» жобасының авторы көкшетаулық Қалымтай Шерьяз­данов пен «Түзету меке­месінен жазасын өтеп шыққан азаматтарды «Киім тігу» жеке кәсіпкерлігіне жұмысқа тарту» жобасының авторы ерейментаулық кәсіп­кер Равиль Хуснутдинов ла­йық деп танылды. Қазылар алқа­сы­ның шешімімен бірін­ші орынды «Вера в до­бро» жоба­сының авторы көк­шетаулық Татьяна Спигла­зова жеңіп алды. Жеңімпаз 1 миллион теңгенің серти­фи­ка­ты мен байқаудың рес­пуб­ликалық кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұ­дан бөлек, байқауда бел­сен­ділік танытқандар да ба­ғалы сыйлықтармен мара­патталды.