Проблемалық нысандар – партия бақылауында
Проблемалық нысандар – партия бақылауында
348
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов үлес­тік құрылыс нысан­да­рын аралап, жұмыс барысымен танысты. «Столичный-2» тұрғын үй кешенінде қасбетті нығайту жұмыстары басталып, құрылысты жаңғыртуға рұқсат құжаттары алынды. Қазіргі уақытта инженерлік желілерге қосу жобасы әзірленуде.

Нысан екі мұнарадан тұрады. Құрылыс салушы жыл­дың соңына дейін ал­ғаш­қы үлескерлерге пә­тер кілтін табыстауды жос­пар­лап отыр. Кездесу кезінде қала әкімі ғимаратты тезі­рек пайдалануға беру үшін құрылыс қарқынын жедел­дету қажет екенін атап өтті.

Өңір басшысы Femida тұр­ғын үй кешенінде де болды. Мұнда шатырды нығайту, ішкі әрлеу және терезелерді орнату жұмыстары жүргізілуде.

– Бірқатар құрылыс ны­са­нының жұмысымен таныс­тым. Осы ретте айта кетейін, аумақтарда да құрылыс қар­­қы­нын арттыруымыз қажет. Біз құжаттамамен көмек­те­сіп отырамыз. Суық бастал­ғанша терезелерді орнатып алған жөн. Терезелер орнатыл­ған­нан кейін алаңсыз ішкі жөндеу жұмыстарымен айналысуға болады. Үлестік құрылыстың проблемалық нысандарының, әсіресе, құрылыс жұмыста­ры­ның барысы Nur Otan пар­тия­сының қалалық филиалы мен мәслихат депутаттарының бақылауында болады, – деді Алтай Көлгінов.

Қалада барлығы 51 құры­лысы аяқталмаған нысан бар. Тұрғын үй кешендерінің құрылысын бақылау үшін елорда әкімі нысандарды қайта аралауда.