Праймериздің мақсаты – Парламент мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады.
Құжаттар 2020 жылдың 17 тамызынан бастап қабылдануда. Іріктеуге жасы 20-дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 187 үміткер праймеризге қатысуға өтініш беріп, тіркелді. Олардың 134-і ер азаматтар болса, 53-сі әйелдер. Әйелдер арасында көпбалалы 6 ана бар. Үміткерлердің ішінде 63 адам – 35 жасқа дейінгі жастар. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 3 азамат өтінім берді. Олармен қоса ауған ардагері, оралман бар. Айта кету керек, құжаттарды тапсырған үміткерлердің ішінде 23-і депутат, қалған кандидаттар бірінші рет қатысуда.
Праймеризге қатысты әр ауданда барлық шағымдарды жедел және объективті қарау, олар бойынша қажетті шешімдер қабылдау мақсатында арнайы партиялық бақылау комиссиялары құрылған. Праймеризге қатысуға тек партия мүшелері ғана емес, партиялық емес, бірақ «Nur Otan» партиясына мүше болғысы келетіндер де жіберіледі.
Праймеризге қалай қатысуға болады:
1 қадам. Егер партия мүшесі болмасаңыз, «Nur Otan» партиясына кіру;
2 қадам. «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелу. Тіркеуді primaries.kz сілтемесі арқылы немесе Google Play және App Store-дан жүктеп алуға қолжетімді «Primaries» мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады;
3 қадам. Өтініш беру және қажетті құжаттарды сайтқа немесе қосымша арқылы жүктеу;
4 қадам. Өзінің онлайн өтінімін растау үшін үміткер аумақтық ұйымдастыру комитетіне жеке өзі келуі тиіс.
Сондай-ақ, өтінімді аудандық партия филиалдары (ұйымдастыру комитеттері) мекен-жайы бойынша жеке ұсынуға болады:
1.«Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы:
Ж. Молдағалиев көшесі №19 үй, 1-қабат 106 каб.,
«Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалы
Чапаев ауылы,Конаев көшесі 68
3.«Nur Otan» партиясы Байтерек аудандық филиалы
Переметное ауылы, Гагарина 82А
«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы
«Nur Otan» партиясы Бөкей орда аудандық филиалы
Сайқын ауылы, М. Бегалиева көшесі 4үй
6.«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы
Жаңақала ауылы, Халықтар Достық көшесі 44Б
7.«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы
Иманов көшесі, 108 ғимарат
8.«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
Казталов ауылы. Алма Уразбаева көшесі. 23 үй
9.«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы
Каратобе ауылы, Құрманғалиев көшесі, 16
10.«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы
Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі 1, 6 кабинет
11.«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы
Тасқала ауылы, Рысқұлбекова көшесі, 2 үй, 1 кабинет
12.«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы
Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Сұңқар көшесі, 16 үй
13.«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы
Шыңғырлау ауылы, Л. Клышев кошеси, 114 "а" уй
Өтінімдер 2020 жылғы 17 тамыздың 9.00-ден 29 тамыздың 18:00-ге дейін қабылданады.
Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі - 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін.
7 қыркүйектен 3 қазанға дейін аралықта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыстар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы өтіп, партияның ресми аккаунттарында таратылады.
Осыған байланысты партия Төрағасының тапсырмасы бойынша онлайн-форматта дауыс беру үшін платформа әзірленді. «Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді, жалпы жұртшылықтың пікірлерін ескере отырып, түрлі бастамалар мен заң жобаларын онлайн-талқылау мүмкіндігін көздейді.
1 қазан (00-00) мен 3 қазан (14.00) аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр.
Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады. Үміткерлердің рейтингі көрсетілген праймериз нәтижелері 5 қазанда жарияланады.