Балалар үйінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Балалар үйінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды
216
оқылды
Полиция 30 жастағы әйелді Таразда ұстаған. Ол Алматы облысындағы №1 балалар үйінде әлеуметтік педагог болып жұмыс істеген.
"Тәртіп сақшылары күдіктіні Алматыға жеткізді. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Сондай-ақ, күдікті Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментіне жеткізілді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында балалар үйінен ақша ұрлады деген күдікке ілінген педагогтің іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.