8 жастағы баланың жағдайын Денсаулық сақтау министрлігі бақылауына алды
8 жастағы баланың жағдайын Денсаулық сақтау министрлігі бақылауына алды
©Сурет интернеттен алынды
212
оқылды
Алматы облысы Ақши ауылы Алакөлде 8 жастағы баланы гидроцикл қағып кеткен еді. Соның салдарынан ол түрлі бас жарақатын алып, Үшаралдағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген болатын. Бұл жағдайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов бақылауға алғанын айтты.
"Балаңыздың мұндай жағдайға ұшырағаны өте өкінішті. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауына алынды. Қазіргі таңда Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлер бригадасы жұмылды. Қабылданған шараларды қосымша хабарлаймыз. Әлібектің тез жазылып кетуін тілейміз", - деп пікір қалдырды Қоджахметов Facebook желісінде зардап шеккен баланың анасы Ботагөз Зейнишеваның жазбасына.