Саяси салмақты серіктес
Саяси салмақты серіктес
365
оқылды

Nur Otan партиясы Төра­­ға­сының Бірінші орын­ба­са­ры Бауыржан Байбек Вьет­нам билеуші пар­тия­сы­ның Орталық ко­ми­тет хат­шысы Во Ван Тхыонгпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық бай­ла­нысты дамыту перспек­ти­ва­ларын талқылады.

Қазіргі таңда екі ел арасында дәстүрлі достық қатынас орна­ған. Вьетнам – Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы эко­номикалық және саяси сал­мақты серіктес. Соңғы жыл­дары екіжақты тауар айналымы тұрақты түрде алға ілгерілеп келеді. Бұл көрсеткіш соңғы 5 ай мерзімнің өзінде 23 пайыз­ға өскен. Екі мемлекеттің эконо­микасын дамытуға ықпал етіп, болашақта үлкен үміт күттіретін бағыт қызмет көрсету және ту­ризм саласы болып отыр.

– Қазақстан – Орталық Азия­дағы ең қарқынды да­мып жатқан, халықаралық қауымдастықтың құрметіне ие болып отырған мемлекет. Біз тек экономикалық ынтымақ­тас­тықты ғана емес, сонымен қатар мәдениет, білім және басқа да салаларда өзара байланысты дамытуды көздейміз, – деді Во Ван Тхыонг.