Трамп Сауд Арабиясының қорғанысы үшін әскерилер мен техниканың жіберілуін мақұлдады
Трамп Сауд Арабиясының қорғанысы үшін әскерилер мен техниканың жіберілуін мақұлдады
132
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Сауд Арабиясына шабуыл жасайды деген болжамға байланысты Таяу Шығысқа қосымша әскер жіберуді мақұлдады. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер мәлімдеді,– деп хабарлайды РИА Новости.

Пентагон басшысының сөзіне қарағанда, АҚШ-тың көмегі Сауд Арабиясына қорғаныс инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған. Сонымен бірге, ол қосымша әскер жіберу ісін «Иранның Сауд Арабиясына жасаған агрессиясына жауап ретінде» алғашқы қадам екенін атап өтті.

Сонымен бірге, Марке Эспер Америка Құрама Штаттары Сауд Арабиясы мен БАӘ-не қосымша әскери техниканы жіберуді жеделдетеді,– деп мәлімдеді. «Бұл ирандықтарды дипломатиялық жолға оралуға сендіру үшін жасалады. Америка Құрама Штаттары Иранмен соғыспайды ... бірақ көптеген әскери тұрғыда нұсқалар дайын», – деп мәлімдеді қорғаныс министрі.

Оның айтуынша, Таяу Шығыста орналастырылған қосымша база негізінен әуе күштері мен зымыранға қарсы қорғанысқа баса назар аударады.