Елордада ұйымдастырылған жәрмеңкеде Түркістан мен Алматы облыстарынан әкелінген өнімдер төмендетілген бағамен сатылды. Осы екі өңірден 800 тонна өнім әкелінді. Соның арасында бір кәсіпкер өз өнімін халыққа тегін таратты.
– Өзімнің жылыжайым бар. Үкіметтен ақша алғанмын. Шүкір, бәрі жақсы. Халыққа көмегімізді беріп отырмыз. Келесі демалыста Батыс Қазақстан мен Жамбыл облысының ауыл шаруашығы өнімдері көпшілікке ұсынылады, дейді кәсіпкер Сосо Әбдіжәмілов.