Jas Otan қатарын толықтырды
Jas Otan қатарын толықтырды
355
оқылды
Nur Otan партиясының облыстық филиалы ғима­ратында Jas Otan Жастар қа­натына жаңа мүшелерді қа­былдау ша­ра­сы өтті. Кешке Nur Otan пар­тия­сы Қызылорда об­лыс­тық фи­лиалы төра­ға­сының бі­рін­ші орынбасары Ақ­марал Әлназарова, партия арда­ге­рі Қуанышқали Шап­шанов ар­найы қатысты.

Атап өту керек, Nur Otan пар­­тиясының Jas Otan Жастар қанаты – жастардың басын бі­рік­тіруші, қоғамдық сананы жаң­ғыртудың алдыңғы шебінде жүр­ген, еліміздің өткенін баға­лап, бо­лашаққа сеніммен қарай­тын, үздіксіз еңбек ететін аза­мат­тардың жаңа буынын қалыптастырушы мектеп. Бүгінде Jas Otan Жастар қа­наты еліміздегі мемлекеттік жас­тар саясатының табысты жү­зеге асуына үлес қосып келеді.

Салтанатты шарада Nur Otan пар­тиясы Қызылорда облыстық фи­лиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Ақмарал Әлназарова Jas Otan Жастар қанатына мүше­лікке кірген жастарды құттықтап, алдағы атқарар жұмыстарына сәт­тілік тіледі.

– Қазіргі таңда Nur Otan пар­тия­сы өз жұмысын қайта жан­дан­дырып, жаңа жеті бағы­тын ай­қындады. Онда партия­ның бел­сенді мүшелерін топ­тас­тыру, халықпен, оның бар­лық әлеу­меттік топтарымен нақ­ты жұмыс істеу қағидатын ен­гізу, партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шара­лар қабылдау секілді не­гізгі міндеттер қамтылды. Бұл орай­да, партияның қанаты жа­сотан­дық­тардың саны емес, сапасы маңызды. Бұл мақсаттарға же­туіміз үшін аймақтағы барлық партия мүшелері, жасотандықтар ел өміріне белсенді атсалысуы керек, халыққа жақын болуы тиіс. Демек, қоғамдағы мәселе­лерге бейжай қарамай, белсен­ді­лік та­ныту, жастардың мәселе­ле­рі­мен жүйелі айналысу – бұл жас­отан­дықтардың негізгі міндеті деп есептеймін, – деді Ақмарал Әл­назарова.

Jas Otan Жастар қанатының мү­шелігіне журналистер, кәсіп­кер­лер, спортшылар, жұмыс­шы ма­­мандар, жастар ұйым­да­ры­ның өкілдері, ұстаздар, өнер мен мә­­дениет саласының маман­да­ры, белсенді өзге ұлт өкіл­де­рі мен студенттер, барлығы 25 белсенді жас қабылданды. Олар­дың арасында шахматтан төрт дүркін Әлем чемпионы, же­ті дүркін Азия чемпионы Әсел Серікбай да бар. Ол өз ке­зе­гін­де жетекші партияның Жастар қа­натына мүше болуын үлкен жауап­кершілікпен қабыл­дады.

– Елбасымыз төрағалық ете­тін Nur Otan партиясы жа­нынан құрылған Jas Otan Жастар қа­на­­тының қатарында болу үлкен жауа­пкершілік жүктейді. Ал­да­ғы уақытта Jas Otan Жастар қанатының жанынан құрылған «Еріктілер мектебіне» арнайы шахмат сағатын өткізіп, жас­тар­дың қатесіз тез шешім қабыл­дауына, ойлану қасиеттерін да­­мыту үшін жұмыс істейтін бо­­ла­мыз. Бастысы, халықтың се­німінен шығуға тырысамыз, – дей­ді Әсел Серікбай.

Шара соңында партия ар­дагері Қуанышқали Шапшанов мү­шелікке өткен жастарды құт­тық­тап, олардың еңбектеріне та­быс тіледі.