Мұнайдың әр тамшысы мұңға толы
Мұнайдың әр тамшысы мұңға толы
252
оқылды

Шетелдік жұмысшыларға қар­сылық тақыр жерден ту­ған жоқ, олармен төбе­лес те тектен тек емес. Жер­­­гі­лік­ті жұмысшылар өз құ­қық­тарының аяққа тап­та­лып отыр­ғанын, жанын күн сайын жа­ралаған әділетсіздік жайындағы жанайқайын жұ­мыс берушілерге де, би­лік­ке де осындай шетін қадам­дар­мен жеткізуге тырысады.

Осы себепті ел Парламенті Үкі­метке ең алдымен, шетелдік жә­не жергілікті жұмысшылар жа­лақысы арасындағы алапат ара-жікті кемітуге тезірек күш салуға кеңес берді. Кейде биік лауа­зымды тұлғалар биік-биік мінберлерден тәуелсіздікке ие болғалы бері елімізге әлемнің 120-дан астам елінен 320 мил­лиард доллардан артық тікелей ин­вестиция тартылғанын мақтан ете ай­тады. Алайда сол қаражаттың қан­шасы шетелдік мамандардың жо­ғарғы жалақысы және бонус­тары, сондай-ақ сырттан техно­ло­гияларды, құрылғыларды, тауар­ларды сатып алу түрінде қайтадан ше­тел асқанын жасырады. Он­дай статистиканы да таба ал­майсыз. Сондықтан қарапайым қазақстандықтар экономикаға құйылды деген миллиардтардың өлшемін өз қалтасына қарай бағамдайды.

Бұл ретте шетелдік инвестор­лар өз қаржыларын негізінен мұ­най-газ, тау-кен саласы се­кіл­­ді шикізат секторына салып жат­қаны жасырын емес. Әйт­се де, бұл саладан да кілең қа­зақ­стандық миллиардерлер шығып жатқаны шамалы. Оның орнына «Қазақстанда қажетті ма­манды таба алмадық» деген сыл­таумен, басқарушыларды, жо­ғары жалақылы мамандарды шет­елден тасу ондаған жылдар бойы жалғасуда.

Сенат депутаты Мұрат Бақ­тиярұлы шетелдіктерден тех­но­логия мен өндіріс саласына ке­рек­ті білімді игеру, ұлттық кадр­ларды дайындау, шетелдік ма­мандарды алмастыру үдерісі баяу жүріп жатқанын айтады.

– Осы кезге дейін елімізде за­манауи үлгідегі мұнай өңдеу зауы­ты салынған жоқ. Кеңестік үш МӨЗ-ге сүйеніп келеді. Шет­елдік ірі инвесторлар МӨЗ салу­ға құлықсыз. Өйткені олар ши­кізат ресурстарымызды ши­кідей алып кетіп, кейін әрбір бар­релге шаққанда өзімізге 8 есе­ден жоғары бағаға сатқанды жөн көреді. Үкімет оларға МӨЗ са­лыңдар деп қатаң талап қоя ал­мады. Нәтижесінде, біз мұнай өн­діру жағынан тек шикізаттық елге айналдық. Тәуелсіздік жыл­да­рында елімізде 1,5 миллиард тон­на мұнай мен газ конденсаты өн­діріліп, шикізат экспорттау көр­сеткіші бойынша әлемдегі ал­ғашқылардың қатарына кірдік, – дейді сенатор.

Ата заңда халық байлығы де­лінген қазақ жерінен шығып жат­қан көл-көсір шикізатты шетелге ар­зан бағаға өткізіп, олардан те­рең өңделген өнімдерді бірнеше есе қымбатқа сатып алу тоқтар емес. Қазақстан осыдан байи ал­май отыр. Нәтижесінде, импорт өнім­дері үшін төленген қыруар қа­ражат жат елдің экономикасына жұм­салып жатыр.

Осы жылдары мұнай-химия са­ласын жолға қоя алмадық. Оның ІЖӨ-дегі үлесі – 0,8%. Са­лыстыра кетсек, бұл көрсеткіш АҚШ-та – 6,4%, Германияда – 7,2%, Қытайда – 9%.

«Мұнай компанияларында шетелдік және қазақстандық ма­­мандарға жалақы төлеуде үл­кен айырмашылық бар. Қы­зылор­да облысындағы ірі мұнай компанияларында лауазымдары мен атқаратын функционалдық мін­деттері бірдей қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің жа­лақысында сәйкессіздік фак­тісі анықталды. Шетел қыз­мет­керлеріне лауазымдық еңбе­кақы­сы мен шетелдегі жұмысы үшін аумақтық үстемақысынан басқа, заңмен көзделмеген үстемақы түрлері, бонустар, өзге де тө­­лемдер төленеді. Мысалы, «Пет­ро­Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясында жұмыс істейтін қазақстандық учаске шеберінің жа­лақысы 315 мың теңге болса, шет­елдік осы лауазымдағы ма­ман­ның жалақысы 3 миллион тең­геден асады. Мұндай мысалдар Аты­рау, Маңғыстау, Ақтөбе об­лыс­тарында да жеткілікті» дей ке­ле сенатор Премьерден осы мә­се­л­елерді шешу бойынша шара қа­былдауды сұрады.