Тары-талқан шетелге экспорттала бастады
Тары-талқан шетелге экспорттала бастады
©Сурет интернеттен алынды
637
оқылды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан қаласының тұрғыны Бірлік Мамырбек тары-талқан өндірісін жандандырды.
Кәсіпкер осыдан жеті жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Кейін бауырларымен бірігіп, ұмыт болған өнімді шығара бастады. Бүгінде тауар үлкен сұранысқа ие. Тіпті Қазақстаннан бөлек шет елдерге экспорттала бастады. Ал оған қажетті шикізат Зайсанда өседі.
– Ұлттық өнімімізді жаңғыртып жатырмын. Жоғымызды түгендесек, қазақ бұдан да құдыретті, бұдан да мықты ел болады. Ата-бабаларымыздың жеген асын ұмытпауымыз керек. Бір-екі айда шығып қалады деп отырмын. Балалар талқанының атауын «Батыр бала» деп қойдым, – дейді Бірлік Мамырбек. Кәсіпорын күніне бидай, сұлы және тарының 3 тоннасын өңдеп, өнім шығарады. Қазір өндіріс ошағында 10 адам еңбек етеді.